• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2011

Елдіктің ең басты белгісі

499 рет
көрсетілді

Әр елдің аумағы мен шекарасы­ның болуы – сол мемлекеттің ел­дігінің ең негізгі белгісі болып табылады. Мысалы, біздің еліміздің мемлекеттік шекарасы 14 мың ша­қырымнан астам қашықтықты алып жатыр.  Бес мемлекетпен, Ресей Фе­дерациясымен, Түркімен­стан­мен, Өз­бекстанмен, Қырғыз­станмен жә­не  Қы­таймен шектеседі. Сондай-ақ, ба­тыс­та Хазар (Каспий) теңі­зімен, оң­түстікте Арал теңізімен шайыла­ды. Соның ішінде Жамбыл облысы оң­түс­тігінде Қыр­ғыз Рес­публикасы­мен 716 шаршы шақы­рым­да шектеседі. Мемлекеттік шекараны демаркациялау жұмыстары Жамбыл об­лы­сында 2001 жылы 15 желтоқ­сан­да басталып, 2008 жылы 15 тамыз айында күшіне енген «Қазақстан – Қырғыз мемлекеттік шекарасы ту­ралы» шартқа және ҚР Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүргізілді. Облыста тұтастай алғанда мемлекеттік шекараны күзету мен қор­ғауды қамтамасыз ету мақсатына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне тұрақты пайда­лануға 7111 га жер учаскелері об­лыс әкімінің қаулысымен рәсімде­ліп берілді. Жерге орналастыру жұ­мыстарын екі жылдан аса  Жамбыл ғылыми өндірістік орталығы меке­месінің бастығы Н.Артаев баста­ған ұжым аса жауапкершілікпен жүзеге асырды. Шекара сызығына тікелей жанасатын 281 жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынды. Бұзылуға немесе көшірілуге жататын 60-тан аса түрлі құрылыс нысандары мен тұрғын үйлер ҚР Жер кодексінің нормалары мен  зандарына сәйкес өтемақы төлеумен шешілді. Осындай ауқымды жұмыстарға аудан әкімдігі мен жер қатынастары мамандарының қосқан үлесі көп. Мемлекеттік маңызды іс бары­сында өздеріне тиесілі жерлеріне, тұрғын үйлері мен нысандарынан айырыл­ған және түсіністікпен қа­раған жерлестерімізге айтатын ал­ғысымыз шексіз. Себебі, қойнауы құт осынау ұлан-ғайыр мекенді көз­дің қара­шығындай сақтап, болашақ ұрпаққа қалдыру, бабалар амана­тына адал­дығымыз болса керек. Мұның бәрі, әрине, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.На­зарбаевтың табандылығы мен ерік-жігерінің арқасында түп­кі­лікті шешімін тапты. Өйткені, шекараға қатысты осынау шетін мәселе бірқатар мемлекеттер үшін әлі күнге дейін өзекті болып отыр­ғаны белгілі. Елімізде тәуелсіздік туы желбірегелі  20 жыл уақыт болды. Содан бері халықтың береке-бірлігін ой­ластырып, рухын көтеру және ел еңсесін әлеуметтік тұрғыдан тіктеу ісінде қыруар шаруа атқарылды. Мемлекетіміздің тарихының түпсіз тереңдігін, жер байлығының баға жетпес молдығын, халқының бейбітшілік сүйгіштігі мен еңбекқор­лығын және білімі мен білігін дү­ние жүзі мойындады. Мұның бәрі елдігіміздің ең басты белгі­лерінің бірі – мемлекеттік шекара­мыздың мығым болуына қызмет етуде. Бақтияр   КӨПБОСЫНОВ, Жамбыл облысы әкімдігі жер қатынастары басқармасының бастығы. Жамбыл облысы.