Қазақстандық спортшы Пхенчханда өтіп жатқан Паралимпиададан алтын медаль жеңіп алды.
Шаңғы спортынан 1.5 километрлік спринт жарысына қатысқан Александр Колядин қашықтықты 4:19.7 минутта бағындырып, мәреге бірінші жетті.
Екінші орын жапониялық Йоширо Ниттаға бұйырса, қола жүлдені Марк Арендц місе тұтты. Айта кету керек, А.Колядин Қостанайдың тумасы. Ол 2012 жылдан бері Қазақстан чемпионатына қатысып келеді.