Толассыз жауған жаңбыр мен қардың еруінен Теміртау қаласындағы жеті жекеменшік үйді су басты, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
ТЖД бөлімшелері, жергілікті атқару органдары, жергілікті полиция қызметі және басқа да жұмылдырылған ұйымдар апат салдарын жоюмен айналысып жатыр.
ТЖД құтқару бөлімшелері жергілікті атқару органдарымен бірге Бұқар жырау ауданының Көкпекті кентінде, Абай қаласында төрт үйді судан тазартуда.
Жердегі қардың еруінен тыс, елді мекендерге республикалық маңызға ие «Қарағанды - Аягөз - Бұғаз», облыстық маңызға ие «Қоянды - Егіндібұлақ - Бүркітті», «Ынталы - Бесоба» автожолдарынан да су құйылуда. Ол жерлерге ескерту белгілері қойылып, ЖПҚ, «Қазақавтожол» ЖШС, «Қарағанды жолдары» ЖШС қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр.