• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Наурыз, 2018

Күштік құрылымдарды қолдауды сұрайды

434 рет
көрсетілді

«Егеменнің» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы нөміріндегі «Парламент» бе­тін­де сенатор Нұржан Нұр­си­патовтың «Қорғаныс пен қауіп­сіздікті жетілдіре түсу қа­жет» деген мақаласы жа­рия­лан­ған болатын. 

Онда сена­тор Премьер-Министр Ба­қыт­­жан Са­ғын­таевтың атына сауал жол­дап, Қарулы Күш­тер­ді және Қазақстан Рес­пуб­лик­асы­ның басқа да әскери жасақ­та­рын жаб­дық­таудың бірыңғай үр­­ді­сін даярлау керектігін атап өткен.

Заңнамалық тұрғыдан ал­ған­да осы салада соңғы жыл­­­дары көп мәселе өз шеші­мін тапты. Соның ішінде әске­ри азық нормасының жалпы мөлшері белгіленді және ке­лес­і жылдан бастап жаңа қа­был­данған заңмен арнаулы баспаналық төлем тетіктері арқылы барлық әскери қыз­меткерлерді тұрғын үймен қамтудың жаңа моделі ен­гізіледі. Алайда Ұлттық Ұлан, Шекаралық қызмет, Аза­­мат­тық қорғау қызметтері бас­қа мемлекеттік органдардың құра­мында болғандықтан, Қару­лы Күштердің қаржылық жү­йе­сінен тыс қалып отыр. Сол себепті олардың сұраныс­та­рына тұрақты түрде қаржы­ның жетіспеуі туындап отыр. Осыған орай қоғамдық тәртіп­ті күшейту, ұлттық қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету, террор­­лық актілердің алдын алуды анықтау және болдырмау жұ­мысын тиімді дамыту мақ­сатында Үкіметке келесі шараларды іске асыру ұсынылған:

1. Бюджеттік кодекске Ұлт­тық Ұлан, Шекаралық қыз­­­мет, Азаматтық қорғау қыз­­мет­­терін қаржылан­дырудың дербес шығын лимитін қа­рас­тыратын өзгерістер мен то­л­ық­тырулар енгізу;

2. Қарулы Күштерді және Қазақстан Республикасының басқа әскери жасақтарын қар­жыландыру мемлекеттің ішкі жалпы өнімінің 1 пайызынан кем болмауын заңнамалық деңгейде міндеттеу.

Осы сауалға Премьер-Ми­нистр­дің атынан келген жа­уапта былай делінген:

1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шекара қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы, Ұлттық Ұлан және Аза­маттық қорғау органдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары болып табылады.

Бюджет кодексінің 31-ба­бы­ның 3 және 4-тармақ­тарына сәйкес орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар республикалық бюд­жет­тік бағдарламалардың әкім­шілері болып табылады. Мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағ­дар­ламалардың әкімшілері бола алмайды. Сондықтан Ше­кара қызметі, Ұлттық Ұлан және Азаматтық қорғау қыз­мет­тері үшін жеке шығыс ли­митін айқындау Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңдары­мен ай­қын­далған барлық ұлт­тық қауіпсіздік түрлері ара­сындағы келісілген іс-қи­мыл қағидаттарын, сондай-ақ елде қалыптасқан ұлттық қауіп­сіздік органдарының бір­ыңғай жүйесі мен ішкі істер органдары бірыңғай жүйесін бұзуға әкеліп соғады.

 2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №554 Жар­лығымен бе­кі­ті­л­ген Қазақстан Рес­пуб­­ли­касының Әскери докт­ри­насының 47 және 76-тар­­мақтарына сәйкес Қазақ­стан Республикасының әскери-экономикалық сала­дағы әске­ри қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мақсаты мемле­кет­тің әскери ұйымының қар­жы­­лық, мат­ериалдық-техника­лық жә­не басқа да ресурстарға қажеттіліктерін бейбіт және соғыс уақытында жұмыс іс­теу және одан әрі дамыту үшін жеткілікті көлемде қана­ғат­­тан­дыру болып табылады. Со­ны­мен қатар әскери докт­ри­наның ережелерін іске асыруға бөлінетін бюджет қаражаты шегінде, Мемлекеттік жоспар­лау жүйесінің құжаттары шең­берінде жүзеге асырылады. Осыған орай Қарулы Күштердің және басқа да әскерлер мен әскери құра­лымдардың шығыс­тарын жал­пы ішкі өнімге бай­ланыс­тыра отырып, заңна­ма­лық түрде белгілеуді орынсыз деп есептейміз, себебі бюд­­жет шығыстары бірқа­тар фак­тор­ларға, оның ішінде мем­лекеттің макроэконо­мика­лық тұрақтылығына да байланыс­ты болады» .

Алайда бұл жауапқа сенатор Н.Нұрсипатов және ол қызмет істейтін Халық­ара­лық қатынастар, қорға­ныс және қауіпсіздік комите­тіні­ң бір топ мүшелері қанағат­тан­бай­тын­дықтарын айтып, осы айдың басында жаңа сауал жолдады. Онда былай делінген:

Сіз­дің жауабыңыз, өкі­нішке қарай, Комитет мүше­лерін қана­ғат­тандырған жоқ, себебі онда осы мәселе­лер­дің қазіргі уақыт­тағы жағ­дайы ғана атап өтілген.

Сіз Комитет мүшелерінің Шекара қызметі, Ұлттық Ұлан және Азаматтық қорғау қыз­меттері үшін жеке шығыс ли­ми­тін айқындау туралы ұс­ынысы елде қалыптасқан ұлт­т­ық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының бірыңғай жүйе­сін бұзуға әкеліп соғады деп тұжырымдайсыз.

Сондай-ақ Қарулы Күштер­дің және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шығыстарын жалпы ішкі өнімге байланыстыра отырып, заңнамалық түрде белгілеуді орынсыз деп есептейсіз. Де­ген­мен де бұл мәселелер өз шешімін табуы қажет. Осы сауалға жауап беруіңізді сұрай­мыз». Депутаттық сауалға сенатор Н.Нұрсипатовтан басқа комитет төрағасы Д.Назарбаева, мүшелері Д.Кәлетаев, С.Жақ­сыбеков және т.б. қол қойған.

Дайындаған Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»