• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2018

Семейдегі Портовая көшесінің тұрғындары су астында қалдық деп көмек сұрауда

300 рет
көрсетілді

Семей қаласы әкімінің шешімімен таңертеңнен бері мұзды жару жұмыстары жүруде. Тұрғындар бұл туралы толық ақпараттандырылды. Түйемойнақ аралының тұрғындары болса, олар тұрып жатқан жердегі су деңгейі 304 бағанасына түскендіктен үйлеріне қуана қайтып жатыр екен. Сөйтіп «Турист» қонақүйінен Түйемойнақтағы үйлеріне 34 адам қайта оралған. Олармен ШҚО ТЖ Департаментінің психологы жұмыс жасаған. Ертістегі екі жарылыстан соң мұз төмен сырғып, оның үстіне бүгін жаңбыр толассыз құйып, төменгі шағын аудандарды су басып кетті. Азаматтық қорғаныс саласы, қала әкімдігі мамандарының мәліметінше, таңертеңнен бері 600 және 900 килограмдық жарылғыш заттар қолданылған.

Естеріңізге сала  кетсек, Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы Қазымбек Баймағамбетов 28-інші наурыз күні облыс әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен өткен жиналыста Шүлбі СЭС-інен асқан су дағдарыстық деңгейде жіберілгенін тікелей растаған еді. Оған дейін бұл фактіні қала әкімі Ермак Сәлімов анықтап, облыс назарына ұсынды. Қала басшысының анықтаған деректері дұрыс болып шықты.  Облыс әкімінің баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, Өскеменде өткен жиында Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы Қазымбек Баймағамбетовтың айтқанындай, Шүлбі СЭС-індегі жауапсыздық өздерінің кінәсінен болып отыр. Наурыздың 1-і күнінен бастап, көлемі ұлғайған су наурыздың 23-26-сы күндері толассыз жауған жаңбыр есебінен ұлғайып, жан--жақтан келетін ағыстар көбейген. Сөйтіп Шүлбі СЭС-інде судың  жоғары жағындағы көрсеткіші 239 74-ке жетіпті.

-Шамадан тыс үш есе артық көлемде су жіберу туралы шешімді жергілікті атқарушы органмен келісуді жөн көрмеген аталмыш инспекцияның жұмысы нашар,- деп бағалады облыс әкімі Даниал Ахметов. Соның салдарынан мыңдаған адамның өміріне қауіп төнген.

Осындай жауапсыздық пен немқұрайдылық кесірінен әдетте дағдарыс деңгейі 450 см құрайтын Семейдегі Ертіс өзенінің суы түнде ең жоғары - 525 сантиметрге жетіпті. Бүгінде су басу фактісі бойынша төтенше жағдай жарияланған өңірде прокуратура тексеру жұмыстарын жүргізуде. 

ШҚО ТЖ Департаментінің басшысы Нұрлан Мадьяров Ертістегі мұздардың жағдайын көру үшін тікұшақпен бірнеше рет тексеру жұмыстарын әуеден бақылап, жүргізуде.

-Біздің редакцияға Лодочная ауданындағы Портовая көшесінің тұрғындары хабарласты,-деді қалалық «Спектр» газетінің бас редакторы Дінмұхамед Бейсембаев,-барып қарасақ, бүкіл көше су астында қалыпты. Тіпті ТЖ басқармасынан да адамдар әлі келмеген екен. Олар не істерлерін білмей отыр. Біз фотосуретке түсіріп келдік.

Раушан Нұғманбекова

Cуреттер Дінмұхамед Бейсембаевтыкі.

Семей