• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2011

Әріптестік қатынастар нығаюда

307 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсы­бековтің АҚШ Қорғаныс министрінің Азия және Тынық мұхиты аймағы қауіпсіздігі мәселелері бойынша орын­басары доктор Питер Лэвоймен кездесуі болып өтті. – АҚШ-пен ынтымақтастық мемле­кетіміздің сыртқы саясатындағы маңыз­ды бағыттардың бірі болып табылады. Қазақ­станның АҚШ-пен қарым-қаты­насы жо­ғары серпінділігімен, әртүрлі қызмет салалары бойынша, оның ішінде қор­ғаныс саласы бойынша өзара мүдде­лестікке негізделген шынайы әріптестік байланыс­тарымен сипат­та­лады, – деп атап өтті Қазақ­стан қорға­ныс ведом­ство­сының бас­шысы. – Қазақ­стан өз қауіп­сіз­дігін қам­тамасыз етуді еліміздің басшы­лығы жүргізіп отырған тату көршілік пен бейбіт сүйгіш саясаты арқылы қарастырады. Қазақстан армиясы екі жақты әскери ынтымақтастық шеңберінде жасалған ал­дағы бес жылдыққа (2013-2017 жыл­дарға) арналған жоспарға байланысты белсенділік танытып отыр. Қазақстан Қа­рулы Күштері өкілдерінің күшімен бірқатар жұмыстар атқарылды. Ол жө­нін­де екі жақты консультацияда сөз етілді. Іс-шара соңында тараптар жемісті жұ­мыс­тардың жалғаса беретініне сенім білдірді. Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі.