• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Сәуір, 2018

Шымкентте Инновациялық университет қалашығы салынады

564 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының Бозарық шағын ауданында 150 гектар жерде жақын арада Инновациялық университет қалашығы салынатын болады. Онда оқу ғимараттары, спорттық нысандар, тұрғын үй кешендері мен 1 мың орындық жатақхана бой көтереді. Оқу орнында медицина факультетіне ғана емес, бизнес- мектепке де басымдық берілмек.

Бұл жөнінде облыстық мәслихаттың депутаты, «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ-ның құрылтайшысы С.Сейтжанов мәлім етті. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың академияда болып, зертханаларының жабдықтарымен танысуы кезінде. Сондай-ақ, С.Сейтжанов қосымша аудиторлық қормен оқу орнына  7205 шаршы метр болатын жаңа ғимарат сатып алып жатқанын айтты. Облыс басшысы жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамымен және студент-магистранттармен кездесуі барысында құрылтайшының оқу үдерісін одан әрі дамытуға мүдделі екенін және айтарлықтай қаражат салуға дайын екенін атап өтті. Яғни, еліміздегі медицина мен фармацевтика саласы бойынша сапалы кадр даярлауға мүмкіндік жасалуда.

«Жалпы академия 1979 жылы құрылған өзіндік базасы бар үлкен жоғары оқу орны болып табылады. Ал енді біздің 3 миллион халқы бар облыс үшін осындай сапалы оқу орындары, әсіресе дәрігерлік оқу орындары өте қажет. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында денсаулық саласына айтарлықтай көңіл бөліп келеді. Енді біз ауруды болған кездегі емдеуден гөрі, ауруды болдырмаудың жолдарын қарастыруымыз қажет. Осы бағытта жұмыс істеуіміз керек», деді облыс әкімі.

Бүгінде, яғни 2017-2018 оқу жылында медицина академиясында білім алып жатқан 3771 студенттің 238-і шетелдік жастар. Студенттерге 300-ден астам профессорлық-оқытушылық құрам үш тілде білім беруде.

Еркін ДОСЫМБАЙ,

Оңтүстік Қазақстан облысы