• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Теннис 05 Сәуір, 2018

Бірінші ойында Дмитрий Попко Марин Чиличпен кездесетін болды

285 рет
көрсетілді

Бүгін Хорватияның Вараждин қаласындағы теннис орталығында жербе тарту рәсімі өтті. 

"Дэвис кубогы" аясындағы Хорватия - Қазақстан кездесуі алдында қос құрама өз қарсыластарының есімін білді. Алғашқы ойында Марин Чилич отандасымыз Дмитрий Попкомен кездеседі. Екінші ойында Михаил Кукушкин Борна Чоричпен күш сынасады. Ойын ертең, 6-сәуір күні өтеді. Ал 7-сәуір күні жұптасу бәсекесінде Никола Мектич пен Иван Додигке қарсы - Тимур Хабибуллин мен Александр Недовесовтер шығады.