• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Теннис 05 Сәуір, 2018

Марин Чилич: Попко талантты теннисші екенін білемін

341 рет
көрсетілді

Әлемнің үшінші ракеткасы қазақстандық теннисші жайлы өз ойын айтты. 

- Қарсыласым Дмитрий Попко жайлы көп естідім. Осы ойынның алдында оның ойындарын виедодан тамашаладым. Ол жас әрі талантты теннисші. Ондай қарсыластан қауіптену керек. Дегенмен, бар күшімді салып, жеңіске жетуге тырысамын. 

- Одан бөлек Қазақстандық теннисшілер жайлы не айтасыз?

- Мен Михаил Кукушкинді жақсы танимын. Талай жарыста көрісіп қаламыз. Ал жалпы онымен үш рет ойнап, екеуін жеңдім. Біреуін ұтылып қалдым. Одан кейін Загребтегі бір турнирде Юрий Щукинмен кездескенмін. Ол ойында өте тартысты өткен. 

Ермұхамед Мәулен,

«Егемен Қазақстан»

Вараждин, Хорватия.