• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2018

«Көш­басшы әйелдер қоры» респуб­ликалық конференция ұйымдастырды

226 рет
көрсетілді

Жас ұрпақтың болашақта тәрбиелі, мәдениетті де білімді болуы ең алдымен отбасылық тәрбиеден бастау алатынын әр ата-ана қаперінде ұстауы керек. Зерттеу бо­йын­ша жасөспірімдер арасындағы өз өміріне қол салу жағ­дай­лары көбіне-көп отбасылық кикілжіңнен соң орын алатыны анықталған. Бұл туралы Алматыда USAID және Орталық Азия Еуразиялық қорының қолдауымен «Көш­басшы әйелдер қоры» ұйымдастырған «Отбасы – бала амандығының факторы ретінде» деп аталған респуб­ликалық конференцияда кеңінен айтылды.

Басқосу барлық мүдде­лі тараптар арасында балалар­дың құқықтарын толық іске асыру мен отбасыларға көмек көрсетудің өзекті мәсе­ле­лері төңірегінде өрбіді. Өт­кен жылы елімізде 154 жас­өс­пірім өз-өзіне қол жұм­са­са, жыл басынан бері 25 бала өмірін қиған. Деген­мен зерттеуші­лер соң­ғы уақыт­тары суицид де­рек­тері едәуір азайға­нын айта­­ды. Бұл тұрғыда жас­өс­пірімдер суицидінің ал­дын алу мақсатында арнайы жоба әзірленген еді. Соның нәтижесінде қыр­шын ғұмырын қиюға асық­қандардың саны 35 пайызға азайған.

«TEENS – қолжетімді және сапалы көмек» жобасының аясында былтырғы жылы халықара­лық сарапшылар­­мен бірге мектеп маман­дары­ның білік­тілігін арттыру үшін арнайы бағдар­лама да­йын­далған. Шара бары­сында «Ата-аналардың топ­тарын басқару және жас­өспірімдер­мен жұмыс» бағ­дар­ламасының танысты­ры­лымы өтті. Сонымен бірге аталған бағдар­лама ен­ген Алматы қаласындағы 15 мек­­тептің базасындағы апро­ба­­ция­ның нәтижесі айтылды. Кон­ференцияда ашық конкурс негі­зінде іріктеліп алын­ған Білім және ғылым ми­нистрлігі, UNICEF, «Руха­ни жаңғыру» жобалық кең­сесінің өкілдері, жергілікті білім бас­қар­масының, ЖОО-ның маман­дары, халықаралық сарапшылар өз ойларын ортаға салды.

«Әкеге қарап ұл өсер, ана­ға қарап қыз өсер» деп дана халқымыз айтқан­дай, бүгінгі күн жастарын жетілген азамат етіп тәрбиелеу отбасылар­дың жауап­­кер­шілігін тағы да арттыра түсуде. Себебі бала­ға са­на­лылықтың сипа­ты ол өмір­ге келген күннен бастап сол отбасында бойына сіңеді. Кейін­нен мектеп, қоршаған орта және қоғам­дағы болып жатқан әртүрлі жағдай­лардың әсерімен қалыптасады. Біз­дің халқы­мыз үшін бала тәрбиесі бір ғана отбасы­ның, не балабақшаның немесе мектеп­тің жеке ісі ғана емес, ол бүкіл зиялы қауымның, бүкіл қоғам шұғылданатын ұла­ғатты істің тұтас бір кешеніне айналып отыр. Елбасы­мыз айтқандай, «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция», сондықтан бұл бағыт­тағы жұмыстарды ұтым­ды ұйымдастыру үшін ұрпақ тәрбиесіндегі отбасы­ның рөлін басты назарда ұстауы­мыз қажет», дейді Алматы қаласы бойын­ша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі­нің өкілі Айзат Сахова.

Шарада барлық тараптар қазіргі заманғы мектеп­тегі оқыту мен тәрбие­леудің өзек­ті мә­се­ле­лерін талқылап, мек­теп маман­дарының бі­лік­тілі­гін көтеру­дің инно­ва­ция­­лық бағдар­лама­сы ту­ра­­лы тәжірибе алмасты. Мек­­тептер­дегі тәрбиелеудің әдет­тегі тәжі­рибесін өзгерте­тін за­ма­науи тәсілдерді енгі­зу бойын­ша ұсынымдар ке­шені әзір­леніп, балалардың қылмыс, суици­д­тік мінез-құлық, ата-аналар­мен қарым-қатынас сияқты мәсе­ле­лерін шешу жолдары сөз болды. 

– Ата-ана жиналысқа келген кезде мұғалімнің немесе психологтің тарапынан өзінің баласы туралы ескертулер немесе басқа да шағымдар есті­мейді. Жоба керісінше ата-анаға көмек көрсету үшін жасалады. Ата-ана­ларға барынша ақпарат беру жұмыс істеу дағдыларын көтеруге ық­пал етеді. Бүгінгі таңда бұл жоба Алма­ты қа­ла­сын­да ғана енгізіліп отыр. Бола­­шақта оны Қазақстанның басқа өңірлеріне де енгізуді жос­пар­лап отырмыз, – дейді «Bilim Foundation» қоғамдық қорының жетекшісі Ерлан Айтмұхамбетов.

 Арман ОКТЯБРЬ, «Егемен Қазақстан»    

АЛМАТЫ