• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2011

Сайлауда осылай дауыс беріп едік жеңістерге жеткізіп келеді

283 рет
көрсетілді

Қарап отырсам, өткен ғасырдың 1991 жылы, оның өзінде желтоқсан айы еліміз жаңа тари­хын­да алтын беттер болып жазылып қалған оқиға­ларға толы болыпты. Жыл басынан-ақ Кеңес Одағы кеңістігінде бұрын-соңды естіліп-көріл­меген өзгерістер дүмпуі шындығын айтқанда, көңілімізді әртүрлі ойларға қобалжытып, аса алаң­даушылық туғызған еді. Арты болжаусыз алмағайып кезеңнің неге апарып соқтырары күн сайынғы бұралаңдардан тіпті үрей үйелететін. Осындай шақта республика басшысы Н.Ә. Назар­баевтың ұстамды, байсалды саясаты медет болмағанда қандай жағдайға ұшырарымызды еске алу ауыр. Бар үмітіміз бен сеніміміз ел халқы алдында беделі өте-мөте биік Нұрсұлтан Әбішұлы болғандығы шындық. Металлургтер ортасында шыңдалып өсіп, қайратқа қайралған қасиетін жақсы білетіндіктен қиындықтан алып шығатындығына мен өзім әсіресе, берік сендім.Сондықтан сол кездегі Жоғары Кеңес депутатта­рының президентікке Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынуын қуана қарсы алдым. Халықтың түгелі қатысуы ар­қылы сайлануға түсу дұрыс шешім деп қабылдадым. Дауыс беру күні сайлау учаскесіне ерте бардым. Солай болса да оның алды жұртқа лық толып қалыпты. Бәрінің де ой-ниеті бірдей екені жарқын жүзде­рі­нен айтылмай-ақ аңғарылды. «Өзіміздің Нұр­сұл­танымызға. Өзіміздің Назарбаевымызға дауыс береміз!» деп жаңғырыққан дауыстар осы күнге дейін құлағымнан кетпейді. Кейіннен білгенімдей теміртаулықтардың 99 пайызы жақтап дауыс беріпті. Мұндай бірауыздылық кейінгі сай­лауларға да тән болды. Бұл халықтың Тұңғыш Президентіне деген шексіз сүйіспеншілігі дей аламын. Теміртауымыз жылдан-жылға көркейіп, өр­кендеу үстінде. Жақында Нұрсұлтан Әбішұлы жұмыс сапарымен қаламызда, өзі еңбек еткен металлургиялық комбинатта болып, жаңару­лармен тікелей танысты. Оған сүйініштілігін білдірді. Жолымызды жалғастырған жастардың жалынды істеріне қуаныштымыз. Арғын ЖҮНІСОВ, Қазақстанның Еңбек Ері. Теміртау.