• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2011

Қазақ КСР президентін сайлаудың қорытындысы туралы

852 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының хабары Бұл хабар газеттің 1991 жылдың 7 жел­тоқ­сандағы нөмірінде жарияланыпты. Он­да былай делінген: «Қазақ КСР Жоғарғы Кеңе­сі­нің 1991 жыл­ғы қазанның 16-сын­дағы қаулысына сәйкес 1991 жыл­ғы желтоқсанның 1-інде Қа­зақ КСР Президентін сайлау болды. Қазақ КСР Президентін сай­лаудың нәти­же­лері туралы оругтік сайлау комиссия­ла­ры­нан жолданған протоколдарды қарап, Қа­зақ КСР Президентін сайлау жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы мынаны хабарлайды: Республика территориясында құрылған 21 сайлау округі бой­ын­ша сайлаушылар тізіміне 9 961 242 азамат енгізілді. Дауыс беруге олардың 8 788 726-сы, яғни 88, 23 проценті қатысты. Жасырын дауыс  беру үшін сайлау бюллетеніне Қазақ КСР Президентіне үміткер Н.Ә.Назарбаев пен Қазақ КСР вице-президентіне үміткер Е.М.Асанбаев енгізілді. Сайлаудың нәтижесінде Н.Ә.Назарбаевты жақтап 8 681 276 сайлаушы, яғни дауыс беруге қатысқандар санының 98, 78 проценті дауыс берді. Қазақ КСР Президентіне үміткер Н.Ә.На­зарбаевтың фами­лия­сы сызылған сайлау бюллетеньдерінің саны 107 252, яғни қолға берілген бюллетеньдер санының 1,22 проценті. 198 сайлау бюллетені жарамсыз деп та­нылды. Республиканың сайлау округтері бой­ын­ша дауыс берудің нәтижесі төмендегі деректермен сипатталады». Мұнан кейін сайлау округтері бойынша сайлаушылардың тізімі мен дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны, берілген дауыстар саны туралы арнайы кесте берілген. Оның қорытындысында «Орталық сайлау комиссиясы «Қазақ КСР Президентін сайлау туралы» Заңның 21-ста­тья­сына сәйкес және дауыс берудің қорытындылары негізінде дауыс беруге қатысқан сайлау­шы­лардың 98,78 процент дауысын алған Нұр­сұлтан Әбішұлы  На­зарбаевты Қазақ КСР Президенті болып сай­ланды деп таныды. Президентпен бірге Ерік Мағзұмұлы Асанбаев Қазақ КСР вице-президенті болып сайланды деп есептеледі» делініпті.