Жақында Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссиясының кезекті 7-ші отырысына қатысқан Моңғолия Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі С.Чинзориг бұл ресми сапарын «Екі елдің қатынасын жаңа сатыға шығарған, қысқа уақыт ішінде көп нәтижеге қол жеткізген табысты сапар болды» деп жоғары баға берді. Бұл сапар жайында Моңғолия БАҚ-тарында көптеген мақала, сараптамалар, сұхбаттар, жолсапар жазбалары жарық көріп, оқырмандар арасында қызу талқыланды.
Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть
Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында мынадай ақпарат жарияланды: «Екі елдің үкіметаралық комиссия мәжілісі екі жыл сайын өтуге тиіс болғанымен, төрт жыл бойы кешеуілдеп, жуықта ғана өтті. Бірлескен жиында екі мемлекеттің сауда, экономика, инвестиция тарту, біріккен бизнес жоспарлары, тау-кен, транспорт, ауыл шаруашылығы, білім, ғылым, мәдениет саласындағы байланыстарды ұлғайту бастамаларын тараптар жеке-жеке талдап, нақтылы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Үкіметаралық комиссияның Моңғолия тарапын Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі С.Чинзориг, Қазақстан тарапын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е.Әбілқасымова басқарды. Тараптардың жұмыс тобы кездесуге дайындықты тыңғылықты жасағандықтан, жиын келісілген мерзімде сәтті өтті.
Еркін сауда туралы моңғол тарапының ұсынысын комиссия толық қолдады. Моңғолия мен Қазақстанның сауда айналымы 2017 жыл аяғындағы мәлімет бойынша, 36,6 миллион АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 22 пайызға өскен. Соның ішінде Моңғолия экспорты 2,4 миллион АҚШ доллары, Қазақстаннан импорт 34,2 миллион АҚШ доллары болып, алдыңғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда экспорт 3 есе, импорт 16,6 пайыз өскен. Жиында экспорт тауары түрлерін молайту, сауда айналымын ұлғайтуға күш салу, тараптар арасында экспортталатын өнімнің тізімін, өндіруші шаруашылық бірліктері туралы мәліметтерді ашық алмасу туралы шешім қабылданды.
Моңғолия ұсынған сауда тарифтері және тарифтік емес шектеулерді болдырмау, сонымен бірге сауда-экономикалық байланыстарды жаңа сатыға шығару үшін Еуразия экономикалық одағының Еркін сауда жөніндегі келісімшартын жасаудың маңызын бірігіп зерттеуді Қазақстан тарапы қолдайтынын білдіріп, бұл туралы Еуразия экономикалық комиссиясына жуық арада мәлімдейтінін хабардар етті.
Бұл жолғы жиында тараптар транспорт, жол қатынасын, РФ аумағын басып өтетін автожолмен Қазақстан мен Моңғолияны төте түйілістіру амалдарын талқылап, Астана – Ұлан Батыр, Өскемен – Өлгий – Қобда бағытында әуе жолдарын ашу, іздестіру мен құтқару саласында бірлескен келісім жұмысын аяқтауға келісті. Моңғолияда уран өндірісін ашу мүмкіндігін бірлесе зерттеу, уран өндіру, өнімге айналдыру туралы ортақ жобалар жасау, уран инженерлері, техника жұмысшыларын дайындау, біліктілігін жетілдіру мәселесі егжей-тегжейлі талқыланды.
Бұл жиында тараптар «Жоғары оқу орындарының құжаттарын мақұлдау туралы Моңғолия мен Қазақстан үкіметінің келісімін» 2018 жылы бекіту туралы келісіп, Моңғолия тарабы Қазақстан қаржысымен оқитын моңғол студенттерінің санын екі есеге арттыру туралы ұсыныс білдірді. Сонымен бірге ғылым саласында біріккен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасуды қарқынды жүргізу туралы келісімге келді. Нақтырақ айтқанда 2018-2020 жылдары VI -VIII ғасырдағы түркі мәдениетіне жататын Шивээт улаан кешеніне археологиялық зерттеу жасау, Қазақстандағы Жошы хан күмбезін бірлесіп зерттеу, Моңғолиядағы көне түркі мұрасы Майхан уулдағы жерасты кешені қазбаларын қорғау, қайта жаңғырту мүмкіндіктері бар», деп жазады министр С.Чинзориг.
Маңызды сапар жайында Моңғолияның БАҚ-тарында түрлі бағытта сараптамалар легі жарық көріп, сапар нәтижесі қоғамда кеңінен талқылана бастады. Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Л.Баттулга мырзаның «Қазақстан алтын өндірісі «ноу-хауын» Моңғолияға тегін береді» деген сұхбаты жарық көрді.
Сонымен бірге «Астанада Моңғол министрін тостағанмен сүт ұсынып қарсы алды», «Астанадан алар алтын тәжірибелер», «Астанамен археология саласында бірлесе жұмыс жасаймыз» деген мақалалар жарияланды.
Моңғолия Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі С.Чинзориг «Түркі академиясында қонақта болғаным» деген тақырыпқа арнайы тоқталыпты. «Астанада біз қонақ болған ұжымның бірі – Халықаралық Түркі академиясы. 2010 жылы Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған академияға барғанымызда олар моңғол салтымен көк шаршы орамал ұсынып, тостағанға сүт құйып алдымнан қарсы алды, ұжым түркі тілді халықтардың тарихы, бүгіні, болашағы туралы кешенді зерттеу жасайды екен. Онда тарих, этнография, археология, түркі тілді халықтардың рухани мәдениетін зерттеген, ол туралы жасаған дүниелер, еңбектер, ғылыми туындылар көп. Академия Моңғолия ҒА Тарих, археология институтымен бірлесіп қазба жұмыстар жасаған, Моңғолияның Бұлғын аймағы жеріне орналасқан Түркі дәуірінің Шивээт улаан кешеніне бірлесіп қазба жүргізген, тағы осындай ортақ жобаларды бізге терең таныстырды» деп Халықаралық Түркі академиясы жұмысына ризашылықпен баға береді.
«Қазақстан елімен тау-кен өндірісі саласында іс-тәжірибе алмасып, мамандар дайындауда бірлесіп жұмыс істейміз» деген мақалада Моңғолияның Тау-кен, ауыр өндіріс министрі Д.Сумьяабазардың қысқа сұхбаты жарық көріпті. Министр мырза сұхбатында Моңғолияда алтын өндірісін жандандыру үшін Қазақстан тәжірибесіне сүйенудің маңызы зор екенін айтады. «Қазақ елінің алтын өңдеудің жоғары технологиясын енгізіп, мемлекетінің барлық алтын қорын Ұлттық банкіне сақтап отыруы отаншылдық көзқарастың айқын дәлелі деп қорытынды жасауға болады. Бұл үлгіні Моңғолияға енгізіп, дұрыс бағытқа қойылған салалардың оң нәтижелерінен үйренуге біз әбден ынталымыз» дейді министр.
Моңғолияның Қазақстандағы елшісі Л.Баттулга мырзаның «Қазақстан алтын өндірісі «ноу-хауын» Моңғолияға тегін береді» деген сұхбатында былай делінген: «Қазақстанның өркендеуі туралы айтқанда соңғы 25 жылдағы қоғамдық, экономикалық дамуын топтап айтқан орынды. Себебі біздің еліміздің нарықтық еркін экономикаға көшкен кезімен, Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған мерзімі бірдей. Негізінен екі ел реформа жолына қатар шыққан. Бүгін салыстырып қарағанда, Қазақстанның әлденеше есе артық дамығаны байқалады. Мәселен, биылғы жыл Қазақстан экономикасында 5 пайыз өсім бар екен. Біздің елде де осындай цифрлар бар. Қазақстан Орта Азияда дамуымен алға кеткен ел. Президент Н.Ә.Назарбаев 2050 жылы дамыған 30 елдің арасына енеміз деп үлкен намыспен жоспар жасап, соны іске асырумен шұғылдануда. Негізінен Қазақстаннан біздің елдің үйренері көп».
«Біздің ел 1990 жылдан экономикамен қатар саяси, демократиялық реформаларды қатар жүргізді. Ал Қазақстан болса алдымен экономикалық өзгерістерді, соңынан демократиялық реформаларды таңдады. Біз секілді шағын елге экономика мен демократиялық өзгерістерді қатар жасау түрлі қателіктерге, жаңсақтықтарға ұрындыратын секілді. Қазақстанның дамуымен салыстырғанда осындай ой туады» деген елші Л.Баттулга тау-кен саласындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы: «Моңғолияның Тау-кен, ауыр өндіріс министрі Д.Сумьяабазар алтын, күміс өңдейтін «Тау-кен» өндірісінің жұмысымен арнайы танысып, Моңғолияға осы өндірісті салу туралы үкіметаралық комиссияның қаулысына арнайы баптар енгізді. Тау-кен» өндірісі жылына 20 тонна алтын, 50 тонна күміс өңдейді. Еліміз жыл сайын алтынын шетелде өңдейтіндіктен шығынға ұшырап келген. Алтынды елдің ішінде тазартып, валюта қорын жасақтау үшін банкте сақтау тиімді. Алтын өңдеуге қатысты еліміз бірнеше елден ұсыныс алғанымен Қазақстан олардан екі есе арзан баға ұсынып, ноу-хауын тегінге жуық беруге ілтипат білдірді» деп дәйекті талдау жасайды.
Журналист Ш.Чимэгтің «Астанадан алар алтын тәжірибелер» деген сараптамасы оқырман арасында қызу пікірталас тудырғаны байқалады.
Ол жолсапар жазбасының «Далада аспан тіреген ғимараттары бар алып қала» деген тарауында: «Қазақстан мен Моңғолия екеуі де бірдей жағдайда сөреден сапарға қатар қозғалған елдер деседі. Бірақ олардың дамуы бізден неше есе артық, қуатты болыпты. 1997 жылдан жаңа астана іргесі қаланып, кең далада 20 жастағы жас қала қанат жайыпты. Қазақстан тау-кен, газ, уран өндіруден әлемде алдыңғы қатардағы елге айналған. Табиғат байлығын қысқа мерзімде игеріп, бағалатып, бақуатты елге айналдырған адам – Президент Н.Ә.Назарбаев. Ол елін дұрыс менеджмент, оң саясатпен басқарып, бүгінгі әлқуатты деңгейге жеткізгенін әлем де, өз халқы да мойындайды. Оның ойын тәртібін дұрыс ережелегенін бүгінгі елінің қуатты дамуы анықтап тұр. Нұрсұлтан Назарбаевтың елінен үйренер үлгі, іліп алар алтын олжа, жүзеге асырар тәжірибе мол. Бұл мүмкіндікті пайдалана білуді уақыт көрсетеді» деп қорытынды жасайды.
Моңғолия баспасөзіне шолу жасаған Ақеділ Тойшанұлы