• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Сәуір, 2018

Қазақстан мен Швейцарияның тұрақты саяси консультацияларының үшінші раунды өтті

357 рет
көрсетілді

Берн қаласында Қазақстан мен Швейцарияның тұрақты саяси консультацияларының үшінші раунды өтті. Онда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қозғалды.

Қазақстандық делегация­ны Сыртқы істер министрінің орын­басары Роман Васи­лен­ко, ал швейцариялық де­ле­гацияны Швейцария Фе­де­ралдық сыртқы істер ми­нис­трлігі Мемлекеттік хат­шы­сының орынбасары Крис­тина Марти Ланг бас­қар­ды.

Тараптар кездесуде екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың ширек ғасырда қол жеткізілген сая­си және экономикалық ын­ты­мақтастық деңгейін жо­­ға­ры бағалап, тиім­ді әріптестікті одан әрі да­мы­туға деген өзара ни­етін рас­­тады. Швейцария Фе­де­­ралды Президенті Дорис Лёй­тхардтың 2017 жылдың та­мыз айында Астанаға жа­саған сапары және оның Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевпен өт­­кіз­­ген келіссөздері қа­ты­нас­тардың дамуына ай­тар­лық­­тай серпін бергені және ын­ты­мақтастықтың басым ба­ғыт­тарын анықтағаны атап өті­л­ді.

Осыған байланысты Бер­ндегі келіссөздердің барысын­да қаржы, фармацевтика, энер­гетика салаларындағы сау­да-экономикалық ынты­мақ­тастықты нығайтуға жә­не өңірлер арасындағы әріп­тестікті дамытуға ерекше кө­ңіл бөлінді. Бүгінде Швей­ца­рия Қазақстандағы үшінші ірі шетелдік инвестор болып табылады.

К.Ланг экономикалық ын­тымақтастықтың екіжақты шарт­­тық базасының тиім­ді­лігін, үкіметаралық комиссия жә­не іскерлік кеңес сияқты өза­ра іс-қимылдың тиісті те­тіктердің болуын атап өтті және Швейцарияның осы ба­ғыт­ты жандандыруға, нақ­ты­сын айтқанда халықаралық көліктік-инфрақұрылымдық жо­баларды іске асыруға ұм­ты­­лысын білдірді.

Р.Василенко Швейцария тарапын алдағы уақыттағы елорданың 20 жылдығы атап өті­летінін, оның аясында «Астана» халықаралық қар­жы орталығының салтанатты ашы­луы болатынын хабардар етті.

Кездесуде Астанада өт­кен Орталық Азия ел­де­рі басшыларының (кон­суль­та­тивтік) жұмыс кездесуінің қоры­тындыларын қоса ал­ғанда Орталық Азия елдері арасындағы қарқынды дамып келе жатқан диалогқа қол­дау білдірілді, сондай-ақ Ау­ғанстандағы жағдайды тұ­рақтандыруға жәрдемдесу бойынша халықаралық күш-жігер талқыланды. Осыған байланысты Қа­зақстанның 2017-2018 жыл­дар­дағы БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңесінің мүшесі ретіндегі үлесі, Қауіпсіздік Кеңесі де­ле­гациясының Ка­булға са­пары және осы жыл­дың қаң­тарында бұл маңызды ха­­лықаралық органда Қа­зақ­с­танның төрағалығы ке­зін­де БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңе­сін­де Ау­ғанстан бойын­ша пі­кір­та­ластар ұйым­дастыруы атап өтілді.

Жалпы, саяси консульта­циялар Қазақстан мен Швей­ца­рия арасындағы сая­си жә­не экономикалық ын­ты­мақтастықтың ал­дағы на­қ­ты бағыттарын ай­қын­дауға мүм­кіндік берді.

Дайындаған Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»