• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Сәуір, 2018

Қазақстанда автоөндіріс екі есеге артты

461 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚазАвтоПром» Қазақстан автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы республикамыздың автоөндірушілерінің 2018 жылдың I тоқсанындағы жұмысының нәтижелері туралы баспасөз мәслихаты өтті.

«2018 жылдың наурыз айының нәтижелері бойынша қазақстандық кәсіпорындардың конвейерлерінен 2 580 бірлік автокөлік құралдары шығарылды, бұл 2017 жылдың нәтижелерінен 2,1 есе артық. I тоқсанның қорытындылары бойынша отандық автозауыттар 5 396 бірлік авокөлік өткізді, бұл өткен жылғы мәннен 2 есе жоғары. Қазавтопром кәсіпорындарының нарықтық үлесі 45,9% дейін артты, өткен жылы бұл көрсеткіш 31,7% болған еді», деп мәлімдеді «Казавтопром» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағы» ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алфёров.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың I тоқсанында республикамыздың тұрғындары Қазақстанда құрастырылған жаңа жеңіл автомобильдерді сатып алу үшін 26,2 млрд тг жұмсаған, бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,5 есе артық.

Спикердің айтуынша, жергілікті құрастырылған автомобильдер сегментіндегі үстем жайғасым «АЗИЯ АВТО» АҚ тиесілі – 3 212 бірлік сатылған автомобиль немесе отандық техниканың жиынтық өткізудің 59,5%. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС 1 898 бірлік автомобиль өткізген. Одан әрі отандық автоөндірушілердің өнімін өткізу рейтингінде «СемАЗ» ЖШС «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «Hyundai Trans Auto» ЖШС және  «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС жайғасқан.