• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2011

Табиғатынан қаһарман адам

330 рет
көрсетілді

Жасыратын несі бар, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел ерге, ер жерге қараған заман болған. Бір қоғамдық формациядан екіншісіне аяқ басып, елең-алаң заманда азаттығын алған Қа­зақстанның болашақ бағытының бұ­лың­ғыр болғаны да тарихи шындық. Осындай сәтте мемлекет тізгінін қо­лы­на алған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елді адастырмай, тар жол, тайғақ кешуде қалдырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, тырнақты мен азулыға талатпай сындарлы сәттен аман алып шықты. Аман алып шықты деген ән­шейін сөз. Еңсесі биік елдердің қатары­на жетелеп жүріп қосты. Айтуға оңай шығар. Бірақ тығырық­тан шығар жолды табу оңай шаруаның қатарынан емес. Күлтегін жазуларында айтылатындай, Елбасы «күн отырмады, түн ұйықтамады». Қазақстанды әлем­нің алдыңғы қатарлы елдерінің қата­ры­на қосу үшін, елінің өркенді өзгеріс­тер­ге жетуі үшін, халқының бай-бақуатты өмір сүруі үшін бойындағы бар қажыр-қайратын, білімі мен білігін, іскерлігін, ұйымдастырушылық қабілетін, көре­ген­дігін, көсемдігін жұмсады. Ел ісінде Елбасының аянып қалған кезі жоқ. Азаттықтың алғашқы жылдарында-ақ Семей полигонын жауып, қолдағы қуатты атом арсеналынан бас тартып, бейбіт жолдың даңғылын салуы Елба­сы­ның көреген шешімдерінің бірегейі еді. Ол кісі осы арқылы әлемді бейбітшілікке шақырды. Сол сара жолынан әлі күнге бір мысқалға да тайған емес. Елімізде әртүрлі дін өкілдерінің бас қосуы, мемлекетімізді мекен еткен 130 ұлт пен ұлыстың тату-тәтті өмір сүріп жатуы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы­мыз, Астана Саммитінің өтуі  Елба­сының дара саясатының арқасы. Әлем Назарбаевтай көшбасшының сөзіне құлақ түреді. Ол кісімен санасады. Сол арқылы Қазақстанды да құрметтейді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та­биғатынан қаһарман адам. Қазақстанды қуатты мемлекетке айналдырғаны да осы қаһармандығы дер едім. Ел Елбасының қаһармандығын баяғыдан айтып келеді. Ал Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығы қарсаңында Елбасыға «Ха­лық Қаһарманы» атағының берілуі – халықтың қалауы. Бұл – өте әділетті әрі тарихи шешім. Дариха АҚМАҒАНБЕТОВА, «Қызылорда облыстық Азаматтық альянс» қауымдастығының төрайымы.