• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2011

Бұл – нағыз халық қалауы

407 рет
көрсетілді

Ел тағдыры жолында түн ұйқысын төрт бөлген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевты еліміздің жо­ғары мемлекеттік наградасы – «Халық Қаһарманы» атағына ұсынуды заң тұр­ғысында қараған Сенаттың пленарлық отырысының шешімі барша қазақ­стан­дықтарды бір серпілтіп тастағаны анық. Осы қуанышқа байланысты КазЦИК, Комсомол елді мекен жұрт­шы­лығы бір-бірінен «Сүйінші!» сұрасып, мәре-сәре болды. Бұл – қарапайым ха­лықтың Елбасының еңбегіне әділ баға бергені, саясатын толықтай қолдағаны. Тәуелсіздік мерейі атап өтілетін қасиетті күн де жақындап келеді. Осы сәтте өткен жылдардағы атқарылған істер, шыққан белестер көз алдымыздан тізбектеле өтуде. Қай жағынан қарасақ та елдің әлеуметтік, тұрмыстық жағ­дайы жақсарды. Өрісіміз малға толды. Өндіріс орындары көптеп ашылды. Елімізде жүріп жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық реформалар­дың жайы көңіл қуантарлық. Міне, осының бәрі – Көшбасшы­мыз­дың әлемді шарлап, дамыл таппай бірде анда, бірде мұнда сапарларда жүргенінің, Қазақстанды алыс-жақынға танытуының нәтижесі. Туған Отаны­мыздағы жаңалықтарды қалт жібермей, теледидардан көріп, газеттерден оқи отырып, Елбасының қа­жыр­лылығы мен сара саясатына, көре­гендігіне, кемең­гер­лігіне тәнті бо­ламын. Елі мен жерін сүюдің, халқына қызмет етудің үлгісі осындай-ақ болар. Ерен еңбегімен елін танытудағы тарихи рөліне жоғары баға берілгеніне шын қуанамын. Елбасының жолдаулары мен об­лыс, аудан әкімдерінің осыған бай­ланысты тапсырмаларын орындау мақсатында округ әкімі ретінде ұйым­дастыру­шы­лық жұмысты жандан­дырып, халық­тың жағдайын жақсарту, елді мекендерді сәулеттендіру жолын­дағы көп­те­ген жұ­мыстарды тиянақты жүргізіп келеміз. Көшбасшымыздың тек өз елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде ат­қар­ған жұмыстары мен бастамашы­лығына да жоғары баға беріліп жүр. Бұл – Президенттің сөзі мен ісі тоғыс­қанының дәлелі. Бойындағы Алла берген кемеңгерлік, көрегендік қасиеттер «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқын қайта түлетуде үлкен рөл атқарғаны тағы анық. Парламент Сенаты қабылдаған шешім – нағыз халықтық шешім. Елбасы «Алтын Жұлдыз» және «Отан» ордені қоса тапсырылып, «Халық Каһарманы» атанып жатса, бұл тәуелсіздігімізге, жалпы қазақ халқына жасалған құрмет болмақ. Бұл жеке менің ғана емес, Іле ауданындағы КазЦИК ауылдық округі тұрғындарының пікірі. Қасиетті жұма күнін қариялар осылай қарсы алып, ақжарма тілектерін ортаға салды. «Көп пікірі – көл» деген. Мерейлі сәттеріміз көп болсын, Көкбайрағымыз биіктерде желбіресін. Бекболат БЕРЕКЕТОВ, ауыл әкімі. Алматы облысы, Іле ауданы.