• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2011

Адал еңбектің өтеуіндей

371 рет
көрсетілді

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевты «Халық Қаһарманы» атағына ұсыну жөніндегі қалалық ардагерлер кеңесі­нің атынан жазылған ақ ниет хаттан жақ­сы хабар күтушілердің бірімін. Мұн­дай тілектер талай болған. Басы­мыз­дан көп жағдайларды кешкен, қо­ғам­дық, мемлекеттік жүйенің ауыс­қа­нын көрген, ондағы сан қилы бұралаң белдерден өткен біз үшін атақ-даңқтың мазмұны да өзгеріңкіреп бара жат­қан­дай болған. Әдетте, мемлекет басқарған адамның үш-төрттен алтын жұлдыз тағуы қалыпты нәрсе сияқты еді. Біздің қасиетті Тәуелсіздігіміз бар­лық саладағы еркін желпініспен қатар, өмір мағынасына баланар ар-ұждан құн­дылығын кәдуілгі таза деңгейге кө­теруімен қымбат. Бұл жөнінде Тұңғыш Президентіміз, Отанының аяулы перзенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өрелі өнеге таныта білді. Таққа адал отырудың талай белесінен өтті, жаңа тұрпатты сайлаулар мен жалпы­ха­лық­тық референдумдарға өзі бастамашы болды. Халықтың еркіне ерік беріп, әлем талпынып келе жатқан демократия ұс­тындарын бекітті. Атаққұмарлау халық атақты ақтай білудің, еңбек сіңірудің, оны жарқыратып тағып жү­ру­дің жауапкершілігін осыдан-ақ аң­ғарады. Мемлекеттік марапат – адам өмірін­дегі айрықша оқиға. Оның астарында үнемі мақтанышқа бөлейтін қуаныш бар. Еліміз арманы Тәуелсіздігіміздің жиырмасыншы белесіне шықты. Ал­қын­бай, абыроймен шықты. Жетістіктеріміз жүректі жылытып, болашағы­мызға алаңдамайтын болдық. Міне, адам баласы үшін, біздің сүйікті Президентіміз үшін осыдан артық бақыт жоқ деп есептеймін. Халық тілегін Үкімет қолдап, Парламент заңдастырғанына шексіз қуаныштымын. Ардақты Елбасымызға, Ұлт көшбасшысына зор денсаулық, Отан игілігі жолындағы ерен еңбегіңіз жемісті болсын деген тілегімді жеткізгім келеді. Айдос ӘБУТӘЛІПҰЛЫ, еңбек ардагері. Ақмола облысы.