• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2011

Инфрақұрылымдар дайындығы жоғары

327 рет
көрсетілді

Қазақстан Тәу­елсіздігінің 20 жыл­дығы қар­саңында республика Пре­мьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев пен Көлік және коммуникациялар министрі Берік Камалиев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы облысында салынып жатқан көлік инфрақұрылымы нысандарының дайындығын тексерді. Негізгі нысандарды іске қосу мен тұсаукесер рәсімі биылғы жылғы желтоқсанның 9-ында Индустриялық форум аясында өткізілетін болады. Жобаның басы-қасында Қа­зақ­стан мен Қытай мемлекеттері басшыларының тұрғаны белгілі. 2006 жылғы желтоқсанның 20-сын­да Қазақстан Президенті Н. Назар­баевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында Қазақстанның Көлік және коммуникациялар министрлігі мен ҚХР Темір жол министрлігі арасында Қазақстан мен ҚХР арасындағы темір жол­ды Қорғас (ҚР) стансасы мен Хоргос (ҚХР) арқылы жалғас­тыру үшін құры­лыс жұмыс­тарын жүргізу тура­лы мемо­рандумға қол қойылған болатын. Бұл жол Қазақстанның көлік жүйесін дамытудағы респуб­лика­ның транзиттік әлеуетін пай­далануда үлкен мүмкіндік­терге жол ашады. Құрылыс барысында бес мың жұмыс орны ашылды. Ол іске қосылғанда 2055 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жол рекордтық қысқа мерзімде салынды. Магистральдің қазақстандық бөлігін салу 2009 жылғы тамыздың 3-інде бастал­ған болатын. Осы мерзімде отан­дық мердігер ұйымдар 293 шақырым жол салды. 5 станса, 9 жол айрығы, 28 көпір, екі суағар іске қосылды. Оптикалық-талшықты байланыс желісі тартылды. Алтынкөл ше­ка­ралық стансасы мен жол айрық­та­рында қызметтік-техникалық ғима­рат­тар тұрғызылды. Қазіргі уақытта әлеуметтік ны­сандар – тұрғын үйлер, балабақ­ша­лар, мектеп, жатақханалар, меди­ци­налық орындар салынуда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесін да­мыту тұжырымдамасы мен ҚТЖ ба­засында ықпалдасқан көліктік-логистикалық операторлық қыз­меті туралы баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен са­лы­­нып жатқан нысандардың да­йын­­дығын тексеру барысында «Қор­­ғас» халықаралық шекаралық ын­тымақтастық орталығының жаяу жүргіншілерге арналған өткелі түйісуі болды. Ол арқылы екі елдің аза­маттары емін-еркін өтетін бо­лады. Жолдың түйісу рәсіміне Қы­тай та­рапынан ҚХР Мемлекеттік кеңе­сі­нің вице-премьері Чжан Дэцзянь қатысты. 2011 жыл ішінде «Қорғас» ха­лықаралық шекаралық ынтымақ­тастық орталығының нысандары іске қосылды. Тәулігіне он мыңнан астам адамды өткізе алатын тек­серу-өткізу бекеті салынды. 23 шақырымдық автожол, автокөпір, төрт туннель, басқа да шекаралық- кедендік инфрақұрылымға қажетті нысандар тұрғызылды. Орталық іске қосылғаннан бастап инвес­ти­ция­лық жобаларды қаржыландыру мен туристік жобаларды жүзеге асыруға қолайлы ахуал жасалған. Осында Алтынкөл стансасында үдемелі индустриялық-инновация­лық даму бағдарламасының ең ірі жобаларының бірі – 293 ша­қы­рым­ға созылатын Жетіген – Қорғас темір жол магистралінің тұсаукесер рәсімі өтті. Жетіген – Қорғас темір жол желісі құрылысының аяқталуы және «Қорғас» ХШЫО пайда­ла­нуға берілуі болашақта «Қорғас – Шығыс қақпасы» индустриялық-логистикалық хабының белгілі бір кезеңі болып табылмақшы. Ол сон­дай-ақ республиканың транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыратын, атап айтқанда, Қазақстанды Қы­таймен және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланыс­ты­ратын жаңа халықаралық көлік дәлізіне айналады. Көлік және коммуникациялар министрі Б.Камалиев республика аумағы бойынша транзиттік көліктердің өту жылдам­ды­ғын ұлғайту үшін мемлекет қа­былдап жатқан шаралар туралы әңгімеледі. Ол атап өткендей, ШЫҰ шеңберінде басты міндеті автомагистраль бойынша кедергісіз қозғалыс орнату үшін қолайлы жағдайлар жасау бо­лып табылатын Батыс Еуропа – Батыс Қытай транскон­тинен­талдық дәліз бойынша үйлестіру кеңесі құрылатын болады. Қызмет бабындағы тексеру барысында Премьер-Министр­дің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев көліктік ин­фрақұрылымның дайындығына жоғары баға берді. Қорғанбек АМАНЖОЛ, Алматы облысы. Суретті түсірген Ю.БЕККЕР