• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2011

Тағы жеті партия партиялық тізімін тапсырды

235 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссия­сы­ның ақпараттары бойынша, Мә­жіліс де­пу­тат­тығына кандидат­тар­дың тізімін тіркеуден өту үшін Орталық сайлау ко­мис­сиясына 3 желтоқсанда Қазақстан­ның Коммунистік халықтық партиясы, ал кеше Қазақстан Патриоттар пар­тия­сы, Қазақстанның социал-де­мократия­лық «Ауыл» партиясы, «Әділет» де­мо­кратиялық партия­сы, «Руханият» пар­тия­сы, Жал­пы­ұлттық социал-демо­кра­тиялық партиясы және Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партия­сы партиялық тізімдерін тап­сырды. Заңнама талаптарына сәйкес тіркеу үшін қажетті құжаттар тізіміне кан­ди­дат­тардың аты-жөні көрсетілген партиялар съездері хаттамаларының кө­шір­мелерінен басқа өтініштер, салық орган­да­ры­нан берілген анықтамалар, әр­бір кандидаттың және оның жұ­байының (зайыбының) өмірбаяндық мәліметтеріне қатысты барлық құжат­тар да кіреді. Еске сала кетейік, 30 қараша­да ал­ғаш­қы болып Орталық сайлау комис­сия­сына «Нұр Отан» ХДП канди­дат­тар­дың партиялық тізімін тапсырған еді. Сонымен, кеше саяси партия­лар­дың пар­тия­лық тізімдерін тапсыру мерзімі аяқталды. Ал заңға сәйкес пар­тиялық тізім бойынша сайла­на­тын Парламент Мәжілісі депу­тат­тарының кезектен тыс сай­лау­ын­да құжаттарды тіркеу 15 жел­тоқсанға дейін жал­ғасады. «Егемен-ақпарат».