Қазақстан Пханмунджом шекара бекетінде Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инмен Корея Халық Демократиялық Республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын арасындағы саммитті құптайды және корейаралық диалогты жандандыруға, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған келіссөздердің нәтижесін жоғары бағалайды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан Корей түбегіндегі жағдайды диалог пен келіссөздер арқылы реттеу процессін қолдайды және саяси-дипломатиялық шешімкүрделі халықаралық мәселелерді қарастырудағы жалғыз дұрыс амал болып табылатындығына сенімді.
Қазақстан ядролық қарусыздандыру тәжірибесі бар ел ретінде «Корей түбегінің бейбітшілігі, гүлденуі және бірігуі туралы Пханмунджом декларациясын» құптайды және Корей түбегінің ядролық қарусыз мәртебесіне қол жеткізу бойынша екі елдің уағдаластығын толық қолдайды. Осы жылдың басынан бері екі Корея арасындағы белсенді диалог корейаралық саммит және Пхеньянның ядролық сынақтардан және зымырандарды ұшырудан бас тартуы сияқты айтарлықтай нәтижелерге жеткізді.
Осы тұрғыда, ең ірі ядролық сынақ полигонын жабу, ядролық арсеналдан бас тарту, тиісті әскери инфрақұрылымды жою, ЯҚТШ мен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты іске асырып, ілгерілетуге қатысу туралы Қазақстанның шешімі еліміздің табысты және тұрақты дамуының кепіліне, белсенді сыртқы саяси бағыттың негізіне және аймақтық қауіпсіздіктің маңызды факторларының біріне айналуы үлгілі жағдай.