• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2011

Түрлі тақырыптар сөз болды

390 рет
көрсетілді

Астанадағы Назарбаев университетінде еліміз Тәуелсіз­дігі­нің 20 жылдығына орай студенттер арасында пікірсайыс болып өтті. Оған қаланың бар­лық жо­ғары оқу орындарының студенттері қатысып, саяси жә­не эко­номикалық, мәдени, та­рихи және басқа да та­қы­рыптар бойынша ой жарыс­тырды. Пікірсайыс екі лига болып өт­кізілді. Біріншісі – ағылшын, екін­­шісі – орыс лигасына қатыс­қан студенттер арасында Назарбаев университеті мен Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ-дің өкілдері бас жүл­дені жеңіп алды. Ал пікірса­йыстың ең үздік спикері болып Назарбаев университетінің студенті Жәмила Жақсыбаева атан­ды. Сондай-ақ, ол ағылшын лига­сында өзімен бірге оқитын Қоғам және ғылым мектебінің 1-курс студенті Әлібек Нұркешпен бірге бірінші орынды жеңіп алды. Ал орыс лигасында Еуразия универ­ситетінің студенті Бақтияр Сулфин бірінші орынға ие болды. Қазір жарыстар ағылшын жә­не орыс тілдерінде өтіп жат­қа­нымен, болашақта қазақ лигасын құру жоспарлануда. Ол істі жү­зеге асыруға қазақ студент­терінің тобы атсалысуда. Дастан КЕНЖАЛИН.