• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2011

Қауымдастық құрылды

472 рет
көрсетілді

Еліміз Тәуелсіздігінің 20 жыл­­­­­дығы қарсаңында спорт та­қы­рыбын жазатын журналистер ара­сында маңызды оқиға бол­ды. 4 желтоқсан күні Астанада спорт саласына қалам тар­татын әріп­тестеріміз арасында өткен бас­қосуда Туризм және спорт минис­трлігінің қол­да­уы­мен Қа­зақстан Спорт журна­лис­­те­рінің қауым­дас­тығы құрылды. Бұл мәселе биылғы жылдың тамыз айында өткен І Спорт форумы кезінде көтерілген еді. Сол кезде спорт журналистерінің қауымдастығын құру үшін бас­тамашы топ та жасақталған бо­латын. Енді, міне, сол топтың бас­тамасымен елімізде Қазақстан Спорт журналистерінің қауым­дас­тығы құрылып отыр. Осы басқосуда қауымдастықтың ережесі мен қызметі қаралып,  мақ­саты мен міндеті белгіленді және оның төрағасы мен атқарушы комитетінің мүшелері сайланды.  Сөйтіп, қауымдастық мүшелері қазақ және орыс тілді «Sport» және «Спорт» газет­те­рінің дирек­торы-бас редакторы Несіп Жү­нісбаевқа дауыстарын беріп, оны бірауыздан қауымдас­тықтың төрағасы етіп сайлады. Қазір Қазақстан спорт журна­листерінің қауымдастығы Туризм және спорт министрлігімен бірігіп жұмыс істеуге кірісіп кетті. Осы ретте қауымдастық мүшелері спорт журналистерімен байланыс орнатып, оларға қолдау көрсетіп отырған министрліктің басшылы­ғына, оның ішінде қауымдас­тықты құруға атсалысқан азамат, Спорт істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовқа алғысын білдіреді. Дастан КЕНЖАЛИН.