• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2011

Жиырма жыл толуымен құттықтады

335 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелері – Прокуратура қызметкерлері күнімен және Тәуелсіз Қазақстан прокуратурасы органдарының құрылуына 20 жыл толуымен құттықтады. «Бұл мерекелеріңіз биыл Қа­зақстан Республикасы Тәуел­сіз­ді­гінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы жылдарда сіз­дер­дің ведомстволарыңыз еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәр­тіп­ті қамтамасыз етуде мемле­кет­тің берік те сенімді тірегіне ай­налды. Прокуратура қызметкерлері қоғам мен мемлекеттің мүддесін сақтауды қорғауда және еліміздің құқықтық тұрақтылығын қамта­ма­сыз етуде өзінің жауапты міндетін абыроймен жүзеге асыруда. Алдағы кезде де сіздердің қыз­мет­теріңіздің басты бағыттары аза­маттардың конституциялық құ­қықтарын қамтамасыз ету, Қа­зақстан мемлекеттілігін, еліміз­дің экономикалық қауіпсіздігін нығайту, қылмыспен және сыбай­лас жемқорлықпен аяусыз күрес жүргізу, елімізде қолайлы іскерлік ахуалды қамтамасыз ету бо­лып қала береді. Прокуратура әр­дайым бірыңғай құқықтық ке­ңістік пен қоғамдағы құқықтық мәдениеттің негізі болуы тиіс», делінген құттықтауда. Мемлекет басшысы әрі қарай жоғарыда аталған міндеттерге байланысты прокуратура қызмет­керлерінің өздерінің кәсіби біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы­ның, міндеттерін кіршіксіз, адал атқаруының қоғам үшін маңызы орасан зор екенін атап көрсете келіп, олардың әрдайым осы мін­деттердің үдесінен шығатынына сенетінін білдірген. Елбасы құттықтауының со­ңын­да аталған сала қызмет­кер­ле­рі мен ардагерлеріне зор ден­сау­лық пен бақыт, аса жауапты қыз­метте­ мол табыстар тілейді.