• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2011

Жұлдызды күннің бір күні

362 рет
көрсетілді

Жуырда Астана қаласындағы №67 гимназияда мектеп кітапханашыларының ұйым­дас­тыруымен Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­ды­ғына арналған бір тамаша кеш болып өтті. Оған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университеті филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының бір топ ғалымдары арнайы шақырылды. Кештің тақырыбы «Мемлекет тәуелсіздігі – қазақ халқы­ның ғасырлар бойы аңсаған арманы» деп аталғандықтан, бұл басқосуда Қазақстан Тәуел­сіздігінің тарихи тағылымдары туралы кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының док­торы, профессор Б.Ерденбеков мектеп оқушыларына тамаша әңгіменің желісін тарқатты. Ол сөзінде осыдан 20 жыл бұрынғы Қазақ елінің жай-күйі мен бүгінгі көркейген Қазақстанның әлемдік аренадағы алатын орны және Тәуелсіздік атты тәңір сыйының қасиеті жайлы терең­нен мағлұмат берді. Кеш екі бөлімнен тұрды. Оның алғашқы бөлімінде тәуел­сіздік жолындағы Қазақ мем­ле­кетінің бастан кешкен сан-алуан қасіреттері жайлы түсірілген слайд көрсетілді. Тарихи оқи­ғалардың желісіне кітапханашы Ф.Бердібай қысқаша түсінік беріп отырды. Кешегі ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 1931-32 жылдардағы ашаршы­лық, қазақ зиялыларының ба­сы­на қара түнек орнатқан қызыл қыр­ғын мен 1986 жылғы Жел­тоқсан оқиғасы оқушыларға үл­кен ой салды. Ал кітапхана меңгерушісі Ә.Сейсенбина кештің екінші бө­лімінде мектеп оқушылары мен ғалымдар арасында сыр-сұхбат ұйымдастырып, кештің әсерл­і­лігін арттырды. Бұл кеште тек ғалымдар ғана емес, 9-10-11- сы­ныптардың оқушылары да өз ойларын ортаға салып, «Тәу­елсіздік бізге не берді?» деген сауал төңірегіндегі өз тұжырым­дарымен бөлісті. Филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Тұрыс­бек­тің тарих тұжырымдарымен байланыстырыла айтылған сыр-сұхбаты бүгінгі мектеп пар­та­сындағы оқушыларымыздың ұлт рухын бағалап, патриоттық сезімдерін оятуға ықпал етті деуге әбден болады. Осы ойдың са­бақтастығы мұнан әрі сөз кезегін алған ғалымдар А.Әб­ді­ра­зақ­қызы мен Г. Ержанқы­зы­ның өрнекті де өзекті әңгімеле­рінде жалғасып жатты. Бір сөзбен айтқанда, бұл кеш­тің гимназия оқушылары үшін пайдасы зор болды. Кездесуге ата-аналардың өкілдері де шақырылды. Ал, осы гимназияда жұмыс жасап жүрген Тәу­елсіздіктің құрдастары Д.Ар­ын­ғазина мен Г.Пазылова сияқты жас мамандарға бұл кеште ерекше құрмет көрсетілді. Кешке қатысушылар кітапханаға қо­й­ылған «Келбетіңе ризамын, Ту­ған Елім!» атты кітап көрме­сі­мен танысты. 9-сынып оқушылары Феруза Маркс пен Индира Ыдырыс кеш қонақтарының құрметіне «Тәу­елсіз Қазақстан» атты әндерін тарту етті. Соңынан гимназия­ның директоры Г.Садықова кеш қо­нақтарына ризалық сезімін білдіріп, ескерткіш сыйлықтар ұсын­ды. Бұл Тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғына арналған 20 күннің бір күні ғана болатын. Мұндай ма­ңыз­ды кештер әрі қарай жал­ға­са береді. Арна ӘБСЕЙІТТЕГІ, № 67 гимназияның 11-сынып оқушысы.