• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Мамыр, 2018

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқтардың мәселесі де өзекті

289 рет
көрсетілді

Депутаттардың аймақтарға ісса­парларында Қазақстан Рес­пуб­­ликасының аумағында тұ­рақ­ты тұратын шетелдік аза­маттар мен азаматтығы жоқ­тар ке­піл­дендірілген тегін меди­ци­налық кө­м­ек және қазір барынша кең та­ралған онкологиялық ауру мен қант диабеті бойынша берілетін тегін дәрілер туралы көп сұрайды.

Қазақстан мигранттар қабыл­дау бойынша Орталық Азияда ма­ңызды орын алатын мем­лекеттердің бірі. 2017 жылдың 1 қарашасындағы Ішкі істер ми­нис­трлігінің мәліметтеріне қара­ғанда, республика аумағында 182312 шетелдік азамат және 6870 аза­маттығы жоқтар тұрақты өмір сүру­де. Көршілес мемлекеттердің көп­теген азаматтары бізде еш­қандай еңбек шартынсыз жұ­мыс істеп, тегін әлеуметтік п­акет жә­не тегін медициналық қыз­метті ала алмай тұрып жатыр. Біздің айт­пағымыз бұл емес.

Біздің айтпағымыз – Қазақстан аумағында азаматтық алмай ұзақ мерзімде тұрып жатқан және біз­дің елдің кәсіпорындарында қыз­­мет істеп, салық төлеп жат­қан­дар мен олардың отбасы мүше­ле­рінің мәселесі.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай азаматтар тек төтенше жағдайда ғана тегін медициналық көмек алады және қоршаған ортаға зиянын ти­гі­зетін ауруға душар болғанда ға­на кепілдендірілген тегін көмек ала алады. Ондай аурулардың ті­зі­­лімін өкілетті органдар жасайды. Мұның өзі тегін көмек тек жұқ­па­лы ауруларға ғана жасалады де­ген сөз.

Жұмыс жасындағы шетелдік азаматтар ақылы медициналық кө­мекке қол жеткізгенімен, түр­лі себептермен азаматтық алма­ған қарт адамдардың мұн­дай мүм­кіншіліктері жоқ. Онко­ло­гиялық аурумен және қант диа­­бетімен ауыратын осындай адам­дар химиялық препараттар мен инсулинге қол жеткізе алмай қина­луда.

Әрине Қазақстанда бұл проб­леманы шешуге талпыныс жасалды. Нақты айтқанда 2017 жылдың 30 маусымында тиісті заңнамаға өзгерістер енгізіліп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап осындай азаматтардың тегін медициналық көмек алуы қарастырылды. Алайда осы заңға енгізілген соңғы түзетулермен тегін медициналық көмек алу мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілді. Сөйтіп жарымжан жандар тағы екі жыл бойы ешқандай көмек ала алмайтын болды. Осыған байланысты Премьер-Министр Б.Сағынтаевқа мынадай мазмұндағы сауал жол­дадық:

1.Жоғарыда аталған аурулар­мен ауыратын шетелдік және азаматтығы жоқ науқастар мін­дет­ті медициналық қамсыз­дан­дыру ен­гізілгенше тегін медициналық препараттармен қамтамасыз етіле ме?

2. Ал міндетті медициналық қам­­сыздандыру енгізілген соң атал­ған санаттағы азаматтардың тегін медициналық препараттар­мен қамтамасыз етілуі қалай жүр­гізіледі?

Наринэ МИКАЭЛЯН,

Мәжіліс депутаты