Махамбет селосында ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған үш объекті бірден ашылады деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бизнес-инкубатор, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және "Нарын" коммуналдық базары жақын арада пайдалануға тапсырылады. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ақпараты бойынша қазіргі уақытта «Нарын» базарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу аяқталғаннан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мұнда өз өнімдерін делдалдарсыз өткізе алады.
«Жалпы ауданы 4500 шарты метр ғимаратта аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі, аудандық кәсіпкерлер палатасы және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы орналасатын болады. Өз ісін ашқысы келетін кез келген адам осы жерден барлық туындаған сұрақтары бойынша кеңес ала алады. Жақын маңда орналасқан «Нарын» базарында жергілікті аграрлар өз өнімдерін сата алады», деп ой бөлісті Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Жексенбай Пазылов.
«Нарын» коммуналдық базарындағы бағаға негізсіз көтеруге жол бермес үшін Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мамандары қатаң бақылау жасайтынын ескерте кетейік. Қазіргі уақытта жергілікті әкімдіктің қолдауының арқасында ауыл кәсіпкерлері өз өнімдерін делдалдарсыз өткізіп отыр.