Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бейнеконференц байланыс режимінде әлеуметтік-еңбек қызметін цифрландыру мәселесі жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында елімізде Цифрлық Қазақстан аясында электронды еңбек биржасын, электрондық еңбек келісімшарттарын және әлеуметтік-еңбек саласының Бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу бойынша үш ауқымды жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Кеңесте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Жұмағалиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова, білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев және т.б. сөз сөйледі.