• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Парламент 10 Мамыр, 2018

Мәжіліс төрағасы Еуропарламент делегациясымен кездесті

183 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Ивета Григуле бастаған Еуропарламент делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Жүздесу барысында Н.Нығматулин Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтағы Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың Стратегиясы шеңберіндегі іс-қимылға назар аударған Мәжіліс төрағасы осы ретте Мемлекет басшысының қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ауқымды бастамаларына тоқталды.

Сонымен бірге Н.Нығматулин ынтымақтастық туралы жаңартылған Еуропалық Одақ стратегиясын қабылдау бірлескен өзара тиімді жобаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде, Ивета Григуле Еуропалық Одақ Қазақстанды аса маңызды әріптес ретінде санайтынын жеткізді.

И.Григуле Қазақстан Президентінің келіспеушіліктерді тек қана келіссөздер жолымен шешуге бағытталған саясатының маңыздылығын атай отырып, біздің еліміздің Сирия мәселесін шешуде, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бағытындағы Қазақстанның қосып отырған үлесі жақсы үлгі көрсеткенін атап өтті.

И.Григуле Еуропалық Одақ біздің еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігін, сондай-ақ Азияда ғана емес, әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның рөлін жоғары бағалап, Қазақстан Президентінің бес әлеуметтік бастамасына айрықша көңіл бөлді.

Сондай-ақ, тараптар парламентаралық үнқатысуды дамыту қажеттігіне тоқталды. Айта кету керек, бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде Қазақстанның Еуропалық Одақ пен парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі комитетінің 15-отырысы өтті. Онда халықаралық деңгейдегі маңызды мәселелер талқыланды.

Бұдан басқа, экономикалық және әлеуметтік реформалар, инвестициялық тартымдылықты арттыру, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өңірлік ынтымақтастықты күшейту мәселелеріне де көңіл аударылды.