• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Мамыр, 2018

Қазгидромет демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын айтты

265 рет
көрсетілді

Мамыр айында шуақты әрі жылы ауа райы күрт өзгеріп отырады, күн суытып, жаңбыр жауады. Алдағы демалыс күндері Қазақстанның көптеген облыстарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбырлы, найзағайлы, бұлтты күн райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Атап айтқанда, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ыстық ауа райынан кейін жаңбыр жауып, кей жерлерде екпінді жел соғады. Найзағай ойнауы ықтимал. Ауа температурасы төмендегенімен климаттық норма шегінде болады. Ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлердің кей жерлерінде 2 градусқа дейін суытады.