Жергілікті инвестордың қаржысы арқасында Қызылордада «Prima Park» заманауи бизнес-орталығы ашылды.
Жаңа бизнес-орталықты аралаған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев:
- Өздеріңіз белгілі, 2018 жыл аймағымызда жаппай кәсіпкердікті қолдау жылы деп жарияланды. Өйткені, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы барлық негізгі мәселелерді шешуге болады. Жергілікті кәсіпкерлердің мұндай жобаларды қолға алғаны қуантады. Бюджетті ұлғайту тетіктерінің бірі – кәсіпкерлікті дамыту, - деді.
Сегіз қабатты бизнес-орталықтың ғимаратында 32 бөлмелі қонақ үй, 80 автоколікке арналған автотұрақ, және арендалық бөлмелер орналасқан. Орталық директоры Ғани Пірімжанов ғимарат ішінде коворкинг орталығы мен «open-space» түріндегі 80 және 30 орындық екі конференц-зал орналасқанын айтады. Кешен жылдамдығы жоғары интернет пен ағылшын және қытай тілдеріне ілеспе аударма жүйесімен қамтылған.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы.