• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2011

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының басымдықтары

620 рет
көрсетілді

Республика Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғын тойлау қарсаңында Президенттің 2011 жылдың 27 қаңтарындағы №1144 Жарлығымен 2011 жылдың 8 жел­тоқ­са­ны «Шаңырақ» күні деп белгіленген. «Қа­зақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» аталмыш шараны жүргізуге белсенді қатысуда. 2011-2014 жылдарға ар­налған тұрғын үй құрылысы бағдар­ла­ма­сын жүзеге асыру нәтижесі мен жүр­гізілетін шаралар туралы жан-жақты «Қа­зақстанның тұрғын үй құрылыс жи­н­ақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Серекхажықызы НАУРЫЗ­БАЕ­ВА әңгімелейді. – Үстіміздегі жылдың басында 2011-2014 жылдарға арналған жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасы басталды. Бағдарламаның негізгі операторы «Қа­зақ­станның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жергілікті атқару орган­да­ры­мен бірге аталмыш бағдарламаның ор­ын­далуын жүзеге асырады. Нұрбибі Се­рек­хажықызы, 2011-2014 жылдарға ар­налған тұрғын үй құрылысы бағдарла­ма­сы туралы айтып өтсеңіз? – 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағ­дарлама) Қазақстан Республикасы Үкіме­тінің 31.03.2011 жылғы №329 қаулысымен бекітілген, бағдарламада екі бағытты жү­зеге асыру көзделген, атап айтқанда: 1) Қазақстан облыстарының, Астана жә­не Алматы қалаларының жергілікті ат­қару органдарының (бұдан әрі – ЖАО) тұр­ғын үй құрылыс жинақ (ТҚЖ) жүйесіне қатысушылар үшін тұрғын үй салуы; 2) жеке меншік үй салушылар арқылы салынатын тұрғын үйлердің құрылысын қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) қорландыру. Халықтың ауқымды бөлігіне тұрғын үйдің қолжетімді болуын қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проб­ле­маларын кешенді түрде шешу Бағдарла­ма­ның негізгі мақсаты болып табылады. Бағдарлама аясындағы бірінші бағыт шеңберінде жергілікті атқару органд­арына 2011-2013 жылдары тұрғын үй салуға рес­публикалық бюджеттен 80,84 млрд. теңге бөлінеді, оны «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қазіргі және жаңа салымшыларына кредиттер беру ар­қылы жүзеге асыратын болады. Тұрғын үй құрылысының жобалары ал­дын ала Банк пен жергілікті атқару ор­ган­дары арасында келісіледі. Салынған тұр­ғын үйге қойылатын белгілі бір талаптар көзделген, бірінші кезекте тұрғын үй 3 сы­ныпты жайлылыққа сәйкес келуі керек, мұ­нымен қатар әр шаршы метр үшін бағасы «таза әрленген» 1 шаршы метр үшін Бағ­дарламада көзделген шектеулі бағадан ас­пауы тиіс: Алматы қаласы үшін 142 500 теңге, Астана, Ақтау, Атырау және Өске­мен қалалары үшін – 112 500 теңге, басқа облыс орталықтары үшін – 90 мың теңге. Тұрғын үй сатып алушылардың пулына қатысудағы басты артықшылық – салым­шы үшін құрылыс компаниясының қызме­ті­мен байланысты ешқандай тәуекелдің болмауы, себебі, салымшының жинақтары құрылыс мақсаттарына жұмсалмайды, құ­рылыс мерзімі аяқталғанға және сатып-алу шартына қол қойылғанға дейін өзінің жинақ шотында сақталады. Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін (берілген өтініштер саны пулдағы пә­терлер санынан аз болған жағдайда ғана өтініш қабылдау мерзімі ұзартылуы мүм­кін), барлық салымшылар бойынша жинақ­тау мерзіміне, шарт сомасына, жинақтал­ған сомаға, ақшаның қашаннан бері салы­нып келе жатқанына (бұл шарт бойынша бағалау көрсеткішіне әсер етеді) тәуелді түрде олардың жалпы балл саны есептеледі. Рәсімдердің ретімен және есептеу механизмімен неғұрлым толығырақ Банктің www.hcsbk.kz сайтындағы «Салынып жат­қан тұрғын үйді сатып алу» бөлімінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылардың пулын қалыптастыру ережелері арқылы танысуға болады. Егер, алдын ала қол жеткен табыстар туралы айта кететін болсақ, аталған ба­ғытта Банкте 2011 жылы барлық облыс әкім­діктерімен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылары үшін жалпы ау­даны 335 мың шаршы метр 5 690 пәтерді құрайтын 31 тұрғын үй кешенін салуға келісімдер жасалды. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Банкте 4 853 пәтерді сатып алуға Банк салым­шы­ларының пулдары ашылды және құрылды (2 488 пәтерге 3 745 Банк салымшылары өтініш берді). Қалған 2 365 пәтерге пул құру әлі жүргізілу үстінде. Бағдарламаның екінші бағыты аясында мемлекет екінші деңгейлі банктерді қор­лан­дырады және құрылыс компаниялары үшін олардың кредиттерін жылдық 12% аспайтын мөлшерлемеге дейін арзан­да­тады, мұндай жағдайда, «таза» әрленген тұрғын үйдің 1 (бір) шаршы метрінің құны 170 000 теңгеден аспайды (сейсмикалық коэффициенті ескерілген). Бағдарламаның аталған бағытында жү­зеге асырудың мынадай схемасы көзделеді: екінші деңгейлі банк көрсетілген талаптарда кредит беруге дайын болған жағдайда, онымен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арасында мақсатты жедел салым шартына қол қойылады, оның талаптары бойынша қажет соманың 50%-ы екінші деңгейлі банк қаражаттарынан алынады, ал қалған 50%-ы жылдық 3%-бен 5 жыл мерзімді депозит түрінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен түседі. Бұл құрылыс компаниялары үшін кредит беру мөлшерлемесін және соңғы өзін­дік құн мен дайын үйдің сатылу бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Қаржыландырудың көрсетілген схе­ма­сы құрылысты аяқтау үшін де, тұрғын үй нысандарының жаңа құрылысын салу үшін де қолданылады. Бағдарламаның аталған бағыты бойын­ша кредит беру Астана қ. «Жағалау-3» ТК («Банк ЦентрКредит» АҚ) және Астана қ. «Монблан» ТК («БТА Банк» АҚ) жалғасуда. – Бұл бағдарламаның бұрынғы мемлекеттік бағдарламалардан айырмашы­лы­ғы неде? – Бірінші кезекте атап өтетін жай – тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жасау қазақстандықтардың баспана мәселесін шешуге бағытталған. Бұрынғы мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламалары бюд­жет саласы, мемлекеттік кәсіпорын қыз­меткерлері және жас отбасылардың баспана мұқтаждығын шешуге бағытталған бо­ла­тын. Яғни, халықтың баспанаға аса зәру санатынан. Ал, қазіргі тұрғын үй құрылыс бағдарламасына Қазақстанның барлық аза­маттары қатыса алады. Ең бастысы – Банк салымшысы болып, тұрғын үй құ­рылыс жинағы туралы шарт жасау. – Банктің «Шаңырақ» күніне қа­тысуы туралы айтып берсеңіз? Қандай іс-шаралар жасалмақ? – Республика Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғын тойлау қарсаңында, яғни, 20 күн­тізбелік күн ішінде – «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» айдары бойынша Президенттің Жарлығымен 2011 жылдың 8 желтоқсаны «Шаңырақ» күні деп аталған. «Шаңырақ» күнін өткізудің мақсаты – Қазақстанның тұрғын үй құрылысы бойынша жеткен жетістіктерін насихаттау. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ» бұл іс-шараны өткізуге белсенді түрде қатысады. 8 желтоқсан мен 15 желтоқсан аралы­ғын­да Банктің облыстық филиалдарында, Алматы қалалық филиалдарында және қыз­мет көрсету орталықтарында «Ашық есік күндері» өтпек. Сонымен қатар осы шаралар өтетін кезеңде Астана, Алматы қалаларының кейбір кәсіпорындарында жә­не облыстық орталықтарда Банк қызмет­керлері шығып Қазақстандағы 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру шарттарын, Банк қызметтері түрлерін таныстыру жұ­мыстарын жүргізеді. Банк серіктестері «Қазақстан Халық банкі» АҚ және «Қазпошта» АҚ-тың кейбір аймақтық бөлімшелерінде «тұрғын үй құрылыс жинақ аптасы» дәстүрлі акциясы өтеді. Онда Банк мамандары сұрақтарға жау­ап береді, түсініктемелер жүргізеді, қа­жетті есептеулерді жасап, ТҚЖЖ шарт­тарын жасайды. Ең бастысы, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 8-15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тәу­ел­сіздігінің 20 жылдығына орай акция жүргізеді. Акция бойынша тұрғын үй құ­рылыс жинағына шарт жасаушы салым­шы­ға комиссиялық төлемге 20% жеңілдік қарастырылып отыр. – Нұрбибі Серекхажықызы, «Қазақ­стан­ның тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кі»АҚ Қазақстанның банк жүйесінде 8 жыл жұмыс істеуі барысында өзін тұрақты болашағы бар қаржылық институт ретінде көрсете білгені ешкімге құпия емес. Банк­тің ағымды жылдағы жалпы көрсет­кіш­терін айтып өтсеңіз? – Бүгінгі күнде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар саны 267 мыңнан асады, жасалған тұрғын үй құры­лыс жинақ шарттарының сомасы 487 млрд. теңгеден артық. «Қазақстан тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкі» АҚ қызметінің нәти­жесі туралы айтар болсақ, жалпы, 2011 жылы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар саны айтарлықтай ұлғайды. Тек осы ағымдағы жылдың ішінде 53 мыңға жуық жаңа қатысушылар келді, ол былтырғы жылдың көрсеткішінен 18% артық, жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының сомасы 121 млрд. теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың осы уақы­тымен салыстырғанда 29% артық. Банк клиенттерінің қаражаттары жыл басынан бері 55%-ға өсті және 61 млрд. теңгені құрады (өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда өсу қарқыны 36% құрады). Кредиттік қоржын жыл басынан бері 18% өсті және 80 млрд. теңге көрсеткішіне жетті. Жыл басынан бері Банк ЕДБ арасында активтер мөлшері бойынша 16-дан 15-ші орынға, меншікті капитал мөлшері бойын­ша 11-ден 3-ші орынға, жұртшылықтың ұзақ мерзімді салымдары бойынша 7-ден 5-ші орынға көтерілді. – Банктің даму жоспары, басымдық­тары мен 2012 жылға деген жоспарлары қандай? – Банк 2012 жылы халықтың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысу үлесін арттыруды, Банктің теңгемен ұзақ мерзімді салымдар нарығындағы және тұрғын үй салу және жүзеге асыруға кредит берудегі үлесін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл аталған жоспарлы көрсеткіштерді орындау мақсатында 2012 жылы 81,4 мың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне жаңа­дан қатысушыларды тартуды (бұл 2011 жылғы жоспарлы көрсеткіштерден 18% артық), жұртшылыққа 32,0 млрд. теңгеден астам сомаға заемдар беруді жоспарлап отырмыз. – «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде банктің дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы қабылданған бола­тын. Осы жылдарда Банк қандай болмақ? – 2010-2015 жылдарғы ұзақ мерзімді стратегиялық дамуға сәйкес Банк Қазақ­стан қаржылық нарығында үлкен көрсет­кіштерге қол жеткізбек. Банкті дамытудың стратегиялық мақса­ты бәсекелік қабілеттілігін тұрғын үй құ­ры­лыс жинағы жүйесіне қатысушылар са­нын экономикалық белсенді халық қата­ры­нан 6% жеткізу (тұрғын үй құрылыс жи­на­ғы туралы 600 мың шарт) және өз капи­талының ұлғаюын 2015 жылдың аяғына дейін 10% көтеру. 2015 жылға деген ұзақ мерзімді стра­те­гияның сапалық және сандық көрсеткіш­тері бірнеше кезеңнен тұрады. Жоспар­ла­уы­мыз бойынша 2015 жылы құрылыс және пәтер алу бойынша заемның мөлшері 8,2% құрауға тиісті. Агенттік жүйенің тиімділігін арттырамыз. Қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында тың­ғы­лықты жұмыс­тар атқарылады. Қызмет көрсету сапасы­ның деңгейі Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық бөлімшелерінде 95% құрауға тиісті. Бірқатар мәселелер топтамасы Банктің танымалдығын 65% көтеруді көздейтін Банктің маркетингтік саясатына байланыс­ты. Біз іске асырылатын және қол жеткізілетін мақсаттарды алға қойып отырмыз, сондықтан барымызды салып еңбектенеміз және Банктің барлық буындарының қыз­метін үздіксіз жетілдіре беретін боламыз. – Мазмұнды әңгімеңіз үшін үлкен рахмет! Сізге үлкен табыстар тілейміз! – Бүкіл Қазақстан халқын бірегей та­ри­хы мен мәдениеті бар, кең байтақ, бақ-береке қонған әрі ғажайып еліміздің Тәу­елсіздігіне 20 жыл толу мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Барлық қазақстандық отбасы өзінің жеке баспанасына қол жеткізіп, әрбір үйде жылылық, жайлылық және бақыт орнасын!

Әңгімелескен Ибрагим КАППАСОВ.