• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2011

Әлем емшілері бас қосты

377 рет
көрсетілді

Алматыда халықаралық дәстүрлі медицина және халық емшілерінің ІІІ съезі өтті. Үш күнге созылған алқалы басқосуға отандық халық емшілерімен қатар 17 мемлекеттен – Қытай, Моңғолия, Ресей, Жапония, Украина, Түркия, т.б. елдерден келген қонақтар қатысты. – Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қашанда ұлттың денсаулығы мәселесіне орасан көңіл бө­ле­ді, – деді съезді ашқан Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «ҚР халықтық және рухани емшілер» мекемесінің директоры, ШЫҰ шең­бе­рінде Дәстүрлі медицина академиясын құру жө­нін­дегі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ресми өкі­лі Шәкен қажы Шынтаев. – Съезд күндері біздер бір-біріміз арқылы халықтық емнің жаңа мектебімен танысып, тәжірибе, әдіс-тәсілдерімізбен бө­­­ліс­­тік. Ал мұның барлығы біздің отандас­та­ры­мыз­­дың денсаулығы үшін қызмет жасайтын болады. Бір айта кетерлігі, бүгінде халықтық ем қана­тын кең жая түсуде. Оған Шаңхай ынтымақ­тас­ты­ғы ұйымы шеңберінде Дәстүрлі медицина ака­де­миясын құру жөнінде қанатқақты жоба ұсы­нып, соның негізінде ұйымға мүше мемлекеттер меморандумға қол қоюы дәлел болса керек. Он­ың штаб-пәтері Пекин мен Мәскеуде орналасқан. Бағдарламаның мақсаты – кадр дайындап, олар­дың білімін жетілдіру, дәстүрлі медицинамен халықты емдеуді жоғары ғылыми тұрғыда негіздеу. Қазір Қазақстанда осы академия құрылып, өз жұмысын бастап кетті. Елімізде өткен бұл жиын осы мәселенің оң шешілуіне ықпалын тигізбек. Форумда сөйлеген шешендер дәстүрлі халық­тық медицина мен емшілікті ұйымдастырудағы жұмыстарды, практикалық қызметтерін сараптан өткізіп, келесі жылы Түркияда өтетін халық­ара­лық симпозиумда қаралатын мәселелерге қатыс­ты ұсыныстарын пысықтады. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.