• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2010

ӘЛЕМ ӨТКЕН АПТАДА

992 рет
көрсетілді

ИРАН УРАН БАЙЫТАДЫ Иран басшылығын түсіну қи­ын. Сөзі мен ісі бөлек. Өзінің яд­ро­лық бағдарламасы бейбіт мақ­сат­ты көздейді дейді де, соған қай­­шы әрекетке барады. Ал уран­ды 20 пайызға дейін байыту одан ядролық қару жасауға мүм­кіндік береді. Осы аптаның ба­сында бұл ел сол уранды 20 пай­ызға байыту үдерісін бастап кетті. Рас, олар мұны жасырмай, аш­ық айтты. Бірақ бұдан мә­селенің мәні өзгермейді. Енді Иран­ның яд­­ролық қару жасау­ынан қауіп­те­не­тін жұрт бұл елге қатаң шара қол­да­нуды талап етіп отыр. Сірә, Иран мен оның яд­ро­лық бағдар­ла­масына қарсы ел­дердің арасын­дағы қай­шылық өрши түсетін түрі бар. АҚШАНЫ АЙЫРБАСТАП ҚАТЕЛЕСТІ КХДР-да өткен жылдың ая­ғын­да ақша реформасы жүргі­зіл­ген болатын. Оның талапта­ры­мен танысқаннан кейін бұл ша­раның халыққа тиімсіз бо­ла­тыны, азық-түлік өнімдерінің тап­шылығына соқтыратыны ту­ра­лы пікірімізді де білдіргенбіз. Ел үкіметінің бас­шы­сы Ким Чен Ир жақында жұрт­шы­лық ал­дында ақша айырбас­тау­дың жете ойластырылмай жүзеге асы­рыл­ға­ны үшін халықтан ке­ші­рім сұ­рап, мәлімдеме жасады. Сол ре­фор­маға байланысты шетел ва­лю­тасының қолданысына тыйым салынып, кәсіпкерлердің азын-ау­лақ артық ақшалары күйіп кет­кен еді. Үкімет басшысы жібе­ріл­ген қа­теліктерді тез жоюға уәде берді. ҚОЛБАЛА ПРЕЗИДЕНТ ҮШІН Қырғызстанның конститу­ция­лық соты президент Қ.Ба­киевтің ұсынысымен ел конс­титуциясына өзгеріс енгізді. Енді ел басшысы қызметін атқара алмайтын жағдай туса, мемлекет басында отырған шағын топ уақытша президент тағайын­дайтын болады. Мұндай өзгеріс не қажетті­лік­тен туды деген сауалға жұрт жау­ап іздейді. Президент Қ.Бакиев­тің денсаулығы да қауіп ту­ды­ратын­дай емес сияқты. Сарап­шы­лардың көп­шілігі мұны қазіргі прези­дент­тің қалай да билікті өз адамына ұстату мақсатынан туған дейді. ТАРТЫП АЛҒАН АС БОЛМАЙДЫ Зимбабведе барлық компа­ния­лар­дың басында жергілікті нәсіл­дің өкілдері болуы керек деген та­лап қойылып отыр. Яғни, кез кел­ген ақ нәсілді кәсіпкер өз акция­сының 51 пайызын қара нәсілді кәсіпкерге беруге тиіс. Әйтпесе түрмеге отырады. Сырт қарағанда, барлық нәрсе жердің иесіне берілуі керек деген идеяны құптауға да бол­ғандай. Бірақ бұл ешқандай ақ­ыл­ға сый­май­тын шараның пай­дасынан гөрі, зияны көп. Зор­лықпен жүр­гі­зілген шарадан кей­ін талай ком­панияның күйрейтіні анық. Осы елде бұған дейін жүр­гізілген сола­қай реформалардың салдарынан бір кезде бүкіл Африканың азық-түлік қоймасы саналған Зимбаб­ве­де инфляция­ның деңгейі 100 мың пайыздан асып, ол құрлықтағы ең кедей елдің біріне айналды. “КЕНЕТТЕН ЧАВЕСТЕН” Венесуэла президенті Уго Ча­вес соңғы кездерде жұрт күлетін­дей әрекеттерге барып жүр. Бірде электр энергиясын үнемдеу үшін қолшамды пайдалануды ұсынса, бірде суды үнемдеу үшін азырақ шо­мылуға кеңес береді. Оның бас­ты бір құмарлығы – телеар­на­ларға шығу. Жексенбі сайын үш сағатқа созылатын “Сөйлес-ау, президент” хабарына жұрттың еті үйренген. Құп көрсе қалаған уақытта мемлекеттік арналарда сөй­леп кетеді. Сондай-ақ жек­сен­бі күндері газеттерде “Чавес­тің жаз­ған­дары” деген айдармен оның мақалалары жарияланады. Енді оған радио қосылып отыр. Бұдан былай “Кенеттен Ча­­вестен” деген бағдарлама дәс­түрге айналмақ. Және президент қала­ған кезінде, тіпті түнгі үште сөй­леуі мүмкін. БАЙЛАР ДА СОТТАЛАДЫ ЕКЕН Түркияда елдегі ең бай адам­дардың бірі Мехмет Қарамехмет өзінің бұрынғы банкінің қаржы­сын талан-таражға салғаны үшін 11 жыл сегіз айға түрмеге жабыл­мақ. Өзінің меншігіндегі Pamu­bank-тен алған несиені қайтар­мағаны үшін мемлекет оны 2002 жылы ұлт меншігіне өткізіп жібер­ген еді. Енді миллиардердің сол банктің қаржысын қалай ысырап еткені анықталып отыр. Әзірлеген Мамадияр ЖАҚЫП.