• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2011

Мүгедек жандар үйлі болды

294 рет
көрсетілді

Кеше Астана қаласы әкімдігінде ел Тәуелсіздігі­нің 20 жылдығына орай 17 құрылыс компаниясы мен бір жеке тұлға әлеуметтік әріптестік шең­бе­рін­де елордада тұрып жатқан мүмкіндігі шектеулі ба­ла­лары бар 20 отбасына тегін пәтер кілттерін табыс етті. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов атал­мыш шарада Астанада Тәуел­сіз­діктің 20 жылдығы қарса­ңын­да мұқтаж жандарға қол- ұшын беру, мейірімділік таныту секілді игі дәстүрлердің жал­ға­сын тауып келе жатқанына риза­шылығын білдірді. Сондай-ақ ол елдің бірлігі мен берекесінің осындай сауапты істерде жат­қанын да назардан тыс қал­дыр­мады. Мұндай алғашқы акция Астана күнінде орын алып, ол кез­де 17 құрылыс компания­сы­нан астаналықтардың 24 мұқ­таж отбасылары пәтерге ие бол­ған-ды. Әкім өз сөзінде осын­дай азаматтарға жәрдем беру жөнінде бастама мемлекеттік органдардан емес, жеке компаниялар тарапынан көтеріліп, олар кезекті мәрте әкімдікке атал­ған қайырымдылық идея­сы­мен шыққанына тоқталды. Қайырымдылық бастамасын құрылыс компанияларының көте­руі кездейсоқ емес. Өйткені, еліміз егемендік алып, қала елорда мәртебесіне ие болғалы осы сала қарқынды дамып келеді. Құры­лыс саласы бүкіләлемдік қаржы дағдарысы жылдарында мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып, жаңа серпін алды. Аста­на­ның тұрғын үй саласындағы жыл сайынғы өсімі 30-50 мың шаршы метрді құрайды. Өткен жылы 1 млн. 380 мың шаршы метр тұрғын үй салынған болса, биыл 1 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Тек соңғы үш жылда 4 млн. шаршы метр тұрғын үй пай­да­лануға берілсе, осыған сәй­кес, құрылыс саласына тарты­ла­тын инвестиция көлемі де ұл­ғайған. Астананың әлі де 5 млн. шар­шы метр тұрғын үй салуға әлеуе­ті бар. 2011 жылдан бастап бас қалада тұрғын үй құры­лысының 2014 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы жүзеге асы­рыла бастады. Оның аясында 1 млн. шаршы метр тұрғын үй салынбақ. Оны жүзеге асыру барысында «Мыңжылдықтар аллеясы», «Хан Шатыр» кеше­нінің батыс бөлігі мен Қа­бан­бай батыр даңғылының Әуежай айналма жолынан Сығанақ кө­ше­сіне дейінгі аудандары иге­ріле бастайды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.

110 отбасына – пәтер, 330 бөбекке – балабақша

Облыста ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған игі шаралар жарыса жалғасуда. Өткен аптада Екібастұз қала­сында ашылған  «Гнездышко» атты  балабақшада  қазақ, орыс тілдерінде тәрбие беріледі. Іші-сырты бірдей әдемі ғимарат бөбектерге жақсы сыйлық бол­ғандай. Балабақшада барлық жағдай жасалған. Осындай жаңа сәулетті балабақшаны  тұр­ғызу үшін республикалық бюджеттен 640,8 миллион тең­ге бөлінді. Құрылысшылар да мереке алдындағы уәделерінде тұрды. Бүлдіршіндер мен ата-аналарды ашылу салтанаты кезінде Екібастұзда болған облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев құт­тықтады. Яғни, облыста елімізде қабылданған мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы жүзеге асуда. Жыл соңына дейін  мұндай қуа­ныштар  көбейеді. Қала әкімі Александр Вербняктың айтуын­ша,  кеншілер қаласында бөбек­тер­дің 93 пайызы балабақшаға барады деуге болады. Жаңа бала­бақ­шаның ашылуымен бірге осы жерде 100 адам жұмысқа орна­ласты. Ал, қалаға қарасты ауылдарда мектептер жанынан шағын ор­та­лықтар да ашылуда. Жыл соңына дейін Ақсу, облыс орталығында және аудан орталықтарында да балабақшалар пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, облыс орталығында «Қазақстан алюминийі» АҚ құрылысын жүргі­зіп жатқан көп қабатты үйдің бірінші қабатында шағын ба­ла­бақша ашу жоспарланып отыр. Айтпақшы, «Жұмыспен қам­­ту-2020» бағдарламасы шең­бе­рін­де қалада 110 пәтер­ден тұ­ратын 5 қабатты екі үйдің құ­ры­лысы  үшін республика­лық бюджеттен 385 миллион теңге бөлініпті. Қазір құрылыс жұ­­мыс­тары қарқынды жүргізілуде. Фарида БЫҚАЙ. Екібастұз.