Ақмола облысында атымтайлар аз емес. Сондай азаматтардың арқасында өңірімізде соңғы кездері көптеген әлеуметтік нысандар салынып, не жөнделіп жергілікті тұрғындарды қуантып келеді. Сол нысандардың бірі Сандықтау ауданы Спасское ауылындағы «Балдырған» шағын орталығы.
M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьАуылдық мектеп ғимаратының бірінші қабатынан орын тепкен орталықты жергілікті «Спасское-Агро» ЖШС басшысы Магомед Абуев өз қаражаты есебінен күрделі жөндеуден өткізіпті. Жергілікті тұрғындар үшін бұл үлкен сый болды. Мектептің бірінші қабатында жүргізілген күрделі жөндеуден кейін ойын алаңы, асхана, кіру жуу орны және балалардың демалатын бөлмесі пайда болды. Бұрынғы есік, терезелері түгелімен жаңасына ауыстырылды. Еденге линолеум төселіп, төбесі әдемі жабындымен толық жабылды. Сөйтіп балалар үшін барынша ыңғайлы орта жасалды. Енді бұл орталықта жиырмаға тарта бала тәрбиеленетін болса, алдыңғы лектегілер мектепке дайындықты бастап та кетті. Статистика деректеріне қарағанда, мектепке дейінгі мекемелерге барып жүрген балалар өз қатарластарына қарағанда әлдеқайда интеллектуалдық жағынан дамығандығын танытады.
Балаларына осындай ыңғайлы жағдайдың жасалғандығына әсіресе ата-аналар дән риза. Айта кету керек, аталған шағын орталықта балаларды оқытуға кететін шығынның бір бөлігін ЖШС өз мойнына алып отыр. Ал жетіспеген қаржысын ата-аналар өз қалталарынан шығарады. Сонымен қатар барлық керек-жарақ: жиһаз, жамылғылар, ойыншықтар аудан бюджеті қаражатына сатып алынды.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы