• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Мамыр, 2018

Нәсілшілдікке соққы берген атлет

368 рет
көрсетілді

Өмірде мақсатына жету үшін кез келген әлеуметтік, қажет болса, саяси кедергілердің де тас-талқанын шығаратын адамдар бар. Оларға қоғамның пікірі, тіпті қалыптасқан дәстүрлер де маңызды емес. Мұндай адамдар өмірге біздің көзіміз көріп үйренген әлемді өзгерту үшін келетін секілді. Олардың өзгелерден айырмашылығы қажет кезде батыл қадам жасай алады. Солардың бірі – 30-жылдардың орта тұсында төрткүл дүниенің беймәлім тұсына жол ашқан Джесси Оуэнс.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Оуэнсті көпшілік «Жүгіру жолағының дарабозы», «Қара оқ» деп атайтын. Америкалық танымал спринтердің спорттық ғұмырының аяқталғанына 70 жыл­ға жуықтап, ал өзінің өмір­ден өткеніне 38 жыл толса да, ол әлемнің ең үздік спорт­шы­лары­ның бірі болып қала бермек. 1935 жылы 45 минуттың ішін­де 6 әлемдік рекорд орнат­са, араға бір жыл салып Берлин­дегі Олимпия ойындарында тұң­ғыш рет спорттың төрт түрі­нен: 100 метр, 200 метр және 4×100 метрге жүгіруден, соны­мен қатар ұзындыққа секіру­ден чемпион атанды. Бір қара­ған­ға, аңыз адамға айналу үшін осы жетістіктердің өзі-ақ жеткі­лікті. Бірақ Оуэнсті тарих нәсіл­шіл­дікке Берлинде тұрып соққы берген спортшы ретінде де біледі.

Джеймс Кливленд алты жасында аға-әпкелерімен бірге 7 шақырым қашықта ор­на­лас­қан мектепке барамын деп шешеді. Үлкендерден қалып қой­мас үшін оған үнемі жүгіруге тура келетін. Бірақ мәжбүрлі жүгі­рістің арқасында біз білетін спорт­­шы өзінің ерекше қабілетін аңғара бастайды.

Сол мектеп, нақтырағы дене тәр­биесі пәнінің мұғалімі болма­ғанда, Джесси де бауырлары тә­різді қара жұмысқа білек сы­бана кірісіп кетер ме еді. Чар­ли Рилей бұл баланың дене тұр­патына бірден назар аударады. Оған қоса желдей ескен жылдамдығы, ширақ қимыл-қозғалысы тағы бар. Сондықтан мұғалім Джессиге жеңіл атлетикамен айналысуға кеңес береді. Жеңіс те көп күттірген жоқ: алдымен мектеп арасындағы жарыстар, сонан соң колледж біріншіліктері, артынша елдің орталық-батысы түгел жиналатын ірі турнирлер.

Небәрі 15 жасында Оуэнс 10 метрді 10,8 секундта бағын­дырып, ұзындықта 7 метрге оп-оңай секіретін. Алайда дарынға спорт мектептері назар аударуға асыққан жоқ. Бұл, әрине біздің кейіпкердің сырт келбетіне байланысты. Мұны Джессидің өзі де жақсы түсінді. Сондықтан ол тек өз күшіне ғана сенуге, қандай қиындық кездессе де қасқайып қарсы тұруға тырысты. Бұл туралы ол өз кітабында былай деп жазады: «Бастауыш сыныптардан бастап-ақ әр күнім жаттығусыз өткен емес. Әкем жалшы болды, ал мен жетістікке жеткім келді, білім алсам дедім. Мақсатыма жетуге жүгіру көмектесті. Жүгіру мені адам секілді өмір сүруге үйретті».

Оуэнс 1936 жылғы Олимпия ойындарында да жеңіске жете­тіндігін аңғарта бастады. Бапкерлері артқан үмітті арқалап Джесси жаттығу мен жарысқа қатысу үшін Калифорнияға аттанды. Ол жақта өзіне беймәлім болып келген жаңа өмірге тап болды – байлық, киножұлдыздар, жанкүйерлер мен ақша. Көзін ашқалы мұндайды көрмеген жігітті таңсық дүние есінен тандыра жаздады. Жүгіру жолағында жеңілістің қандай болатындығын да Оуэнс Калифорнияда білді. Көп­шілікке керегі де сол емес пе, ба­сылымдар бірінен соң бірі басты үміткерді жолдан тайдыратын қарсыластар туралы жазып жатты.

Бұлай жалғаса берсе құрдымға кететін күннің алыс еместігін түсінген Джесси Огайоға оралып, Берлиндегі Олимпия ойындарына тыңғылықты жаттығу­ға кірісті. Көп ұзамай бабына еніп, ірі халықаралық турнирлерде қайта топ жара бастады. Енді қарсыластардың бәрі қапы қалып, Германия астанасында да атой салатын күн алыс еместей көрінген. Алайда оны кезекті кедергі күтіп тұрды. Ресми Берлинді антисемитизм мен ұлтаралық араздыққа ұмты­луда деп айыптаған қозғалыс мүшелері АҚШ спортшылары Олимпиададан бас тартуы керек деп пікір айтты. Қатарда басты арманынан бас тартқан Оуэнс те бар. Әдетте қаранәсілділердің пікі­ріне құлақ аспайтын қоғам бұл жолы Джессидің жұртшы­лықтың алдында айтқан сөздерін қызу талқылауға кірісті.

Дегенмен бойкот мәселесі де басылды. Ал АҚШ үкіметінің Германияға аттандырған комиссиясы Еуропадан қуанышты хабармен оралып, «Біз қалай да Олимпиадаға қатысуымыз керек, немістердің дайындығы өте жақсы, олар араздық тудыратын әрекетке жол бермейді» деп ойын ортаға салады. Кейіннен белгілі болғандай, комиссия мүшелігіне енген жалғыз Эвери Брандейдж о бастан-ақ рейхтің бастамасын қолдаушылар қатарында болған екен. Брандейждің сөзінің жаны да бар еді. Шынымен де Гер­мания билігі ойындар барысын­да миллиондаған спорт жанкүйері­нің алдында беделін жоғалтқысы келген жоқ. Әрі жергілікті спорт­шылардың АҚШ-тан келген қо­нақтардың тас-талқанын шыға­ра­тындығына сенді.

Олимпия ойындарының да көздегені сол – ақ нәсілділердің, арийлік атлеттердің өзгелерден үстемдігін дәлелдеу. Бастапқыда жер­гілікті спортшыларды ға­на арнайы марапаттап жатқан Гит­лерге Халықаралық Олимпиада комитеті ескерту жасағанда ол: «Сіздер мен қаранәсілділердің қолын қысып суретке түседі деп ойлайсыздар ма?! Ешқашан!» деп жауап береді. Сондықтан фю­рер жеңімпаздарды арнайы қабылдаудан біржола бас тарт­ты. Тиісінше 100 метрге жүгі­­руде екі немісті артқа қалдыр­ған Джессидің алтынын да мо­йындағысы келген жоқ. Шамасы Гитлер Джессидің жеңісінде тағы бір неміс Ади Дасслердің ең­бегі барын да сол сәтте білме­се керек. Бұлай дейтініміз, «Ади­дас» компаниясының негізін қа­ла­ған Дасслер жарыс алдын­да америкалыққа арнайы дайын­даған спорттық аяқ киімін табыстаған.

Жүгіруде кеткен есе ұзын­дыққа секіруде қайтарылуы тиіс болатын. Жоспар бойынша Луц Лонг фюрердің де, жергілікті жанкүйердің де үмітті ақтауы керек еді. Соңғы мүмкіндігінде Луц 7 метр 87 сантиметрге бір-ақ секірді. Олимпиада рекорды! Гитлердің ойындағысы орын­далуға кедергі жоқтай көрін­ген, бірақ қуаныштары ұзаққа созыл­мады. Тағы да Джесси «кінә­лі». Америкалыққа бағын­ғаны – 8 метр 6 сантиметр. Ашуға булыққан Гитлер орнынан атып тұрып, стадионнан шығып кетті. Лонг болса күміс медальді қанағат тұтқанымен қоймай, Оуэнсті бірінші болып құттықтап, қолынан жетектеген күйі стадионды айнала жүгіреді. Келесі күні Оуэнс 200 метрде алдына жан салмады. Бұл жолы жұрт орындарынан тұрып қол соқты. Джесси Берлинде жос­пардан тыс тағы бір алтынға қол жеткізді. Осылайша Оуэнс Берлинде Олимпиаданың төрт дүркін чемпионы атанды.

Джесси АҚШ-қа келген соң өмірі түбейгейлі өзгеретініне сенді. Ал қатал қоғам баз-баяғы қалпымен қара нәсілді жігітті батыр деп тануға дайын болмай шықты. Тіпті олимпиадашыларды арнайы қабылдаған Рузвельт Оуэнсті Ақ үйге шақырмақ түгі­лі, құттықтау хатын жолдауды да орынсыз деп тапты.

Ал жұрттың есіне оның бір кездері Берлинде жасаған ерлігі 50-жылдары ғана түсті. Бұл – халықтың нәсілшілдік дертінен біртін-біртін айыға бастаған кезі. Ал 1976 жылы Оуэнсті Джеральд Форд Ақ үйде арнайы қабылдап, Бостандық медалін табыстады. Араға төрт жыл салып, 1980 жылдың 31 нау­ры­зында 67 жасқа толуына бір­неше ай қалғанда өкпе қатер­лі ісігінен аңыз атлет бақи­лыққа аттанды.

 

Мәдина АСЫЛБЕК,

журналист