Бұл туралы 2018 жылғы төрт айдағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының басшысы Марина Әлібекова мәлімдеді.
Басқарма басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың 1 мамыр айындағы жағдай бойынша облыстың жергілікті бюджетінің табысы 46,9 млрд. теңгені немесе есепті кезеңде жоспардың 106,1%-ын құрады (жоспар 44,2 млрд. теңге). Сондай-ақ, 4 айдағы облыстық бюджеттің шығыстары 48,7 млрд. теңгеге немесе есепті кезеңде 96,6% орындалды ( жоспар 50,4 млрд. теңге).
-Облыстық бюджетте 189 объектіге арналған жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге және оның құрылыс жұмыстарына қаражат қарастырылды, олардың 21-і республикалық бюджет есебінен болса, 168-і жергілікті бюджет есебіне жатады. Оның ішінде 133 нысан 2017 жылдан 2018 жылға өткен болса, 56-сы жаңа нысан.Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, 53 объектіге конкурс жарияланды. Тек 32 нысанның нәтижелері жинақталып, 9 нысан комиссия қарауына берілді, деді Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының басшысы Марина Әлібекова.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы