• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2011

Елбасы қабылдады

191 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау коми­те­ті­нің төрағасы Серік Баймағанбетовті қабылдады, деп хабар­ла­ды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. С.Баймағанбетов Президентті ведомствоның 2011 жылғы жұ­мы­сының негізгі қорытын­ды­ла­ры туралы хабардар етті. Ағымдағы жылдың 11 айында кеден органдары тарапынан со­ма­сы 1 трлн. 32 млрд. теңге көле­мін­де кедендік төлемдер мен са­лық түсімі бюджеттің кірісін қам­тамасыз етті. Тапсырманың орын­далу болжамы 106 пайызды құра­ды. Өткен жылдың осындай ке­зе­ңімен салыстырғанда бюд­жетке кедендік төлемдер мен салықтар 389 млрд. теңге көп аударылған. Президент кедендік әкім­ші­лендіру мен бақылаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ контрабандамен күресті күшейту жө­нін­де бірқатар нақты тапсырмалар берді.