• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2011

Ықпалдастыққа ынта зор

252 рет
көрсетілді

Республика Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов кеше Қазақ­станға жұмыс сапарымен келген Грузияның Премьер-министрі Николоз Гилауриді қабылдады. Екі елдің Үкімет бас­шы­ла­ры арасындағы кездесуде көлік, туризм және энергетика мә­се­лелері бойынша келіссөздер жүргізілді. «Қазақстан экспортты ел, сон­дықтан да біз үшін экспорттық әлеуетті әртараптандыру аса ма­ңызды. Осы ретте қазақстандық жүктерді Әзербайжан мен Грузия аумағы арқылы экспортқа шы­ға­ру мүмкіндігін тағы бір мәрте қарас­тырдық. Сондай-ақ, Қазақ­стан та­рабы Грузия экономи­ка­сын инвес­ти­циялауға қызығушы­лық таны­тып отырғандығы да ай­тылды» деді еларалық келіс­сөз­ден кейін Үкі­мет басшысы журналистермен болған баспасөз мәслихатында. Премьер-Министрдің ай­ту­ын­ша, қазақстандық компаниялар Грузия экономикасындағы ірі ин­весторларға айналып, бүгінгі таң­да айлақ бизнесі, газ тарату жүй­есі, қонақ үй саласы секілді да­му­шы секторларда қарқынды жұ­мыс істеуде. Өз кезегінде Н.Ги­лау­ри Қазақстан Үкіметі бас­шысын Тбилисиге ресми сапармен келуге шақырды. Қанат ЕСКЕНДІР.