• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2011

Женевадағы Қазақстан тәуелсіздігінің кеші

331 рет
көрсетілді

Женевадағы көркем ғимараттардың бірі – «Four Seasons Hotel» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ресми дипломатиялық қабылдау өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Салтанатты шараға Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Қа­сым-Жомарт Тоқаев, халықаралық ұйымдар және дипломатиялық корпус басшылары мен қызметкерлері, жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. Қабылдау барысында қаты­су­шы­лар Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен мемлекетіміздің 20 жылда қол жеткізген табыстары атап өтілді. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мен Астана Сам­ми­тi, ИЫҰ мен ШЫҰ-ға төрағалығы және басқа да бастамаларын елі­міз­дің халықаралық аренада жоға­ры беделiнiң көрінісі ретінде ай­қын­дай отырып, БҰҰ-мен орна­тыл­ған ынтымақтастыққа келесі жылы 20 жыл толатындығы сөз болды. Қонақтарға қазақ ұлттық та­ғам­дары ұсынылып, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай ізгі құттық­таулары мен тілектестіктерін білдіре келген шетелдік меймандарды Швейцарияда музыкалық білім алып жүрген жас таланттарымыз қа­зақ әуендерін классикалық орын­даумен тәнті етті.