• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2011

Көп адам күткен рақымшылық жасау туралы заң қабылданды

357 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің төраға­лық етуімен палатаның кезекті жал­пы отырысы болды. Онда «Қа­зақстан Респуб­ли­касы Мем­лекеттік тәуелсіз­ді­гі­нің 20 жылдығына бай­ланысты ра­қымшылық жасау ту­ралы» Заң қабылданды. Оны тал­қылау ба­ры­сында төраға «Penal Reform International» (Халық­ара­лық түр­мелер ұйымы) ұйымы Орталық Азиядағы өкілдігінің деректері бойынша халықтың әр 100 мың адамына шаққанда, оқшау­лан­ған адамдар саны жөнінен Қазақстан дүние жүзінде 22-орын алатынын айтты. Бұл ұйым пайдаланған мәліметтер бойынша біздің елімізде бас бостандығынан айыру орындарында 52,6 мың адам бар. Бұл да дәл мәлімет емес, өйткені, онда екі дерек қана жи­нақталып көрсетілген: колония­лар­дағы адам­­дар саны – 45 мыңнан астам, сон­дай-ақ тергеудегі оқ­шаулау орын­дарындағы адамдар саны – 7 мың­ға жуық, яғни әлі сот­тал­ма­ған­дар, дей келіп, Төраға бұл мә­селені барынша мұқият және кә­сі­би тұрғыда қарау қа­жеттігін атап өтті. Отырыста «Газ және газбен жабдықтау туралы» заң жобасы Сенат енгізген өзгерістерімен және толықтыруларымен қабыл­данды. Одан басқа, «Мемлекеттік құ­қықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңға өз­ге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжат­та­рын бекіту туралы» Заңға өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» заң жобалары қабылданды. Қаралған мәселелер бойынша Экономикалық даму және сауда министрі Қ.Келімбетов, Мұнай және газ министрі С.Мыңбаев, Әділет министрі Р.Түсіпбеков, Статистика агенттігінің төрағасы Ә.Смайылов тиісті түсінік­те­мелер берді. Отырыста сондай-ақ ұйым­дық мәселелер қаралды. Атап айт­қанда, Парламент Сенатының үш тұрақты комитетінің атауы өз­герді. Олар Конституциялық заң­нама, сот жүйесі және құқық қорғау комитеті, Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитеті, Табиғатты пайдалану және ауыл­дық аумақтарды дамыту комитеті болып аталады. Сондай-ақ палатадағы тұрақты комитеттердің төрағалары мен мүшелері сайланды. Конституция­лық заңнама, сот жүйесі және құ­қық қорғау комитетінің төр­ағасы болып Берік Имашев, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып Рашит Ахметов, Халық­ара­лық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып Икрам Адырбеков, Эконо­микалық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып Тал­ғатбек Абайділдин, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып Ақан Бижанов, Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақ­тарды дамыту комитетінің төр­ағасы болып Болат Жылқышиев сайланды. Жақсыбай САМРАТ.