• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Мамыр, 2018

Алматыда «Музей түні» өтті

1856 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі Халықаралық музейлер күні мерекесіне арналған «Музей түні» атты іс-шарасын өткізді. Іс-шараның биылғы жылғы ұраны – «Гиперкоммуникация дәуіріндегі музейлер».

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Жыл сайын «Музей түні» акциясы тұрақты және де жаңа демеушілердің қолдауымен өткізіледі. «Музей түні-2018» іс-шарасының Бас демеушісі - «RUSLAN BAIDALINOV  PROMOTION GROUP» компаниясы.

 «Музей түні» – Орталық музей 2006 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан халықаралық ірі әлеуметтік мәдени-білім беру жобасы.  Дәл осы түні Музей түрлі жастағы, түрлі көзқарастағы адамдарды, түрлі ұлттар мен ұлыстарды тоғыстырып қана қоймай, көңіл көкжиегін кеңейтіп, төл мәдениетіміздің нәрінен сусындауға шақырады. Музей түнінің форматы жыл сайын өзгеріп отырады. Бұл жолы алматылықтар мен қала қонақтарына жаңа бағдарлама, оның ішінде музейдің қор коллекциясы негізінде құрылған көрмелер мен Қазақстан суретшілерінің авторлық жұмыстары қойылған көрмелер ұсынылды:

«Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар: қыш ыдыстағы ою-өрнектер (музей қорындағы керамикалық материалдар негізінде)» көрмесі Қазақстан аумағындағы қалыпталған және шыңдалған керамикалық бұйымдарды әшекейлеуде пайдаланылған түрлі өрнектер туралы мағлұмат береді.

«Жаңғырған мұра» көрмесінде музей зертханаларында қайта қалпына келтірілген зергерлік бұйымдар мен дәстүрлі белбеулер қойылды.

«Адам. Дәуір. Байланыс» көрмесінде ерте петроглифтерден бастап бүгінгі күнге дейінгі заттар мен байланыс құралдары таныстырылды.

«Руханият ескерткіштері» – үш діннің бірегей жазба ескерткіштерінің үлгілері: Таурат, Інжіл, Құран.

«Сағым. Пленэр. Ханшайымдар ойыны»көрмесіндесуретші Анна Маргацкаяның қолынан шыққан кескіндеме, акварель, керамикалық бұйымдар ұсынылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бөлігі – бестомдық іргелі «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» ғылыми-этнографиялық энциклопедиясының толықтырылған екінші басылымының тұсаукесері кештің көркін келтірері хақ.

Күні бойы өтетін Интерактивті экспозициялар аясында келушілер өткен дәуірлер тарихынан бастап қазіргі жаңашылдықтарға дейінгі мағлұматтарды алып, қызғылықты уақыт өткізді:

«Ән атасы – Әміре» әдеби-музыкалық музейлік сабағы көрнекті қазақ әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылық жолымен таныстырды. Сабақ Абай атындағы Республикалық мектеп-интернаты, «Көкіл» музыкалық мектебі, А.Жұбанов атындағы музыкалық мектептің қатысуымен ІІ экспозициялық залда өтті.

«Әжемнің сандығындағы заттардың тарихы» саяхат-ойыны арқылы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі таныстырылады. Сұқбат құру, тақырыптық тапсырмаларды орындау және ойын тәсілдерінқолдану арқылы музей көңіл көтеру орны ғана емес, жадыны дамытып, шығармашылық алаңына айналды.

«Ортағасырлық керамикадағы бейнелі өрнектер: қазіргі көзқарастар» интерактивіне қатысушылар керамикалық бұйым және сәулеттік қаптауыштағы әшекейлеу  элементтерін сурет бетіне немесе тұзды қамырдан жасалған бұйымдарға түсіру мүмкіндігіне ие болды. «Белгілі заттың белгісіз қырлары» (қазақтардың сирек кездесетін тұрмыстық заттары) және «Жаңылтпақ»  қазақ ұлттық ойыны.

Мереке күні келушілерге І, ІІ, ІІІ, ІV залдар – «Палентология және археология», «Тарихи этнография», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және Диаспоралар мәдениеті», «Тәуелсіз Қазақстан» залдарына тегін кіріп, экскурсия тыңдау мүмкіндігі берілді.

Мерекелік кешті белгілі шоумендер – Даниель ДжеймС,  Тілеухан Омархан, Руслан Байдалинов жүргізді. Іс-шараны Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Хореоргафия факультетінің «Asianstudentsdance-ASD» би театры мен вокалшылары бастады. Одан кейін еліміздің танымал әншілері музыкалық сәлемдерін жолдады.

Сонымен қатар музейдің білімқұмар және шығармашыл келушілері үшін шеберлік  сабақтары өтті. Оған Ә.Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебі, Қазақстан-Жапон орталығы, О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжі қатысты. О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжі атынан «Алтын тыныс» этникалық коллекциясы және Алматы Мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі атынан «Жұмақтағы бақша» атты шаш және бет әрлеу үлгілерінің коллекциясын ұсынды.   

Келушілер «Сейшн» арт-балетінің орындауында «Теңіз» үш өлшемді шоуы, «Fire Sunset» компаниясының, «Ratatui»,  «Show_Ballet_Furore» агенттіктерінің,  «Кудесники» компаниясының бағдарламаларын тамашалады. Сондай-ақ парфюмерлік және сауықтыру өнімдерін ұсынатын компаниялар жаңа трендтермен таныстырды.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

  АЛМАТЫ