• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2011

Меморандум қабылдауға шақырды

336 рет
көрсетілді

Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас­та­масын қолдай отырып, «Нұр Отан» партиясы сайлау науқанына қатысатын барлық саяси партияларға 2012 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мә­жілісі мен мәслихаттар де­пу­таттарының әділ де ашық сайлауын өткізу туралы ме­мо­рандумға қол қою ұсыны­сын жасап отыр. Алдағы сайлау науқаны бі­здің еліміздегі демо­кратия­лық құндылықтарды, заңды­лықты, ерік білдіруді, сайлау процесінің ашықтығы мен айқындығын көрсетудің ала­ңына айналуы тиіс. Сондықтан біз сайлау про­цесінің барлық қатысушы­лары­на саяси төзімділік пен өзара сыйластық принциптерін сақтауға, үгіт-насихат науқанын тек Қазақстан Ата Заңының және сайлау заң­намасының талаптарына сәй­кес жүргізуге дайындығын, ішкі саяси жағдайды тұрақ­сыздандыруға әкеліп соқ­тыра­тын радикалды ұрандар мен іс-әрекеттерге жол бермейтіндігін растауға шақы­рамыз. Алдағы жоғары және жергілікті өкілді органдарға сайлау қазақстандық демократия дамуының жаңа мәресіне ай­на­ларына, азаматтық баста­ма­ны арттыруға ықпал етеріне, мемлекеттік саясатты жүр­­гізуге азаматтардың қаты­су деңгейін кеңейтеріне біз сенімдіміз, дейді нұротан­дық­­тар.

«Егемен-ақпарат».