• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2011

Біз бірлесіп қимылдаймыз

273 рет
көрсетілді

Кеше «Қазақстанның Аза­маттық альянсы» заңды тұл­ғалар бірлестігі мен «Демократия институты» ғылыми-зерт­теу қауымдастығы бірлесіп, элек­торалды кезеңде біріге қи­мылдайтын жобаларын журналистерге таныстырды. Баспасөз мәслихатында «Қа­зақ­станның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі атынан сөз алған оның атқарушы ди­рек­торы Алина Хаматдинова: «Сайлау – еліміздің азаматтарының еркін таңдау жасауына берілген ең басты мүмкіндік. Сондай-ақ, бұл қоғам өкілдерінің көңіл-күйі­нің индикаторы іспетті. Біз­діңше, азаматтық қоғам елдегі әрбір маңызды істен, сайлаулардан тыс қалмаулары керек. Осы­ған байланысты соңғы уақытта азаматтық институттар мемлекет атқарып жатқан жұмыстарға ба­ғалау жұмыстары мен әлеуметтік зерттеулерге көптеп атсалысуда», дей келіп, өздерінің осы іске ғы­лыми-зерттеу қауымдастығымен бірлесе қимылдау мақсатында жоба әзірлегендіктерін алға тарт­ты. Оның айтуынша, «Қазақ­стан­ның Азаматтық альянсы» 500-ден астам үкіметтік емес ұйым­дардың басын біріктірген іргелі ұжым болып табылады. «Осыған қарай біз алдағы болатын сайлаулар барысындағы зерттеу, бағалау жұмыстарына да қатысамыз деген ойдамыз. Яғни, біз дауыс беру күні «Экзит пул» шарасын ұйымдастырамыз. Со­ны­мен қатар, осы сайлауда қа­лың көпшіліктің электоралды ке­зеңге және олардың осы сайлаумен байланысты өзге де бірқатар мәселелер бойынша көңіл-күйі­нің де жағдайын біліп отырсақ деген ойдамыз. Қазақстанда соң­ғы жылдары сайлау науқанының барысы мен нәтижелеріне қо­ғам­дық бақылау институттары кеңі­нен қатысып келе жатқанын білесіздер. Әлеуметтік мониторинг, тікелей сайлау өтіп жатқан мезілде экзит-пул өткізу осындай ны­сандардың бірі болып табы­лады», деді Альянс өкілі. Жалпы, «Демократия инс­ти­туты» ҒЗА «Қазақстанның Аза­мат­тық альянсы» ЗТБ тапсы­рысы бойынша осы сайлау кезеңі шеңберінде электораттың сай­лау­алды көңіл-күйін зерттеу бой­ынша екі әлеуметтік өлшем жүргізетін көрінеді. Бірінші зерттеу канди­дат­тардың үгіттеу нау­қанының бірінші кезеңінде өткі­зілсе, екінші зерттеу үгіттеу ци­клы­ның орта­сында ұйымдас­тырылады. Зерттеулер қала және ауыл хал­қын қамтиды, Қазақстанның барлық аймағы бойынша өткі­зіліп, оған іріктелген 1500 респондент қатысады. Нәтижесінде, ауытқушылығы ±2,8% шегіндегі деректер алынатын болады. Сайлау күні, яғни 2012 жыл­ғы 15 қаңтарда сайлау учаскелерінен шығу кезінде сайлаушы­ларға «Еxit poll» технологиясы бойынша сауалдама жүргізіліп, осы күні барлығы 50 000 сай­лаушыға сауал қойылады. Оған Қазақстанның барлық өңірлері және қала мен ауыл халқы теңбе-тең қамтылатын болады. «Зерттеулер жүргізудің әдіс­те­месі мен техникасы қа­зақ­стандықтардың электоралдық көңіл-күйі бойынша маңызды, сенімді деректер алуға мүмкіндік береді. 16 жыл ішінде бізде әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-эко­номикалық зерттеулер жүр­гізетін тәжірибелі де білікті мамандар жинақталды. Сонымен бірге, ұйым осы жылдар ішінде біздің орталықтарымызда оқып, жұмысты қалай жүргізу әдіс­терін үйренген интервьюрер желісін дамытты. Енді соның арқасында біз бұл жұмыстарды еліміздің барлық аймақтарында жүргізе аламыз. «Демократия институты» сон­дай-ақ, еліміздегі іргелі ака­демиялық және ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Әрине, элек­торалды кезеңде әлеуметтік зерттеумен айналысатын ұйымдарға деген сұраныс арта түсетіні аян. Алайда, біз өзіміз жинақтаған бай тәжірибемізге сүйеніп, ма­ңыз­ды науқанда біліктілігімізді дәлелдейміз деген сенімдемін», – деді «Демократия институты» ғы­лыми-зерттеу қауымдаст­ы­ғы­ның директоры Юлия Кучинская. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.

--------------------------------------------

Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.