• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2018

Алматыда «Жас өркен» жастар орталығы ашылды

535 рет
көрсетілді

«Нұр Отан партиясының Алматы қалалық филиалының қолдауымен Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының жанынан «Жас өркен» жастар орталығы ашылды.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын бағдарламалық мақаласынан туындаған өрелі ойды ашуға мүмкіндік беру мақсатында қала жастарын бос уақыттарында бір-бірімен сырласып, өркенді болашаққа сүбеле үлес қосуға шақыратын орталықтың тиімді екені сөзсіз. Бұл орталықта жастар ауқымды шаралар өткізуге мүмкіндік ашатын болады. Қазақтың азаттық жолына түсіп, тәуелсіздігін жариялағанына 26 жыл ішінде еліміздін рухани-мәдени,қоғамдық-саяси өміріне өздерінің үлестерін қосуға  еліміздің атын түрлі спортық  шараларда шығарған өнер және шығармашылық адамдары,зиялы қауым өкілдері саясаткерлер,кәсіпкер, түрлі мамандық иелерімен сырласатын,пікір алысатын ,рухтарын көтеретін кездесулерге келелі әңгімелерге мүмкіндік беретін орталық болады.

Бұл «100 жаңа есім» тәуелсіздік тудырған, Елбасының сарабдал саясаты танытқан мерейі үстем жоба. Осы айшықты есіммен сыр-сұхбат құратын орта болуға мерей беретін, соған айтулы алаң болатын жерге енді жастар ортасы есігін айқара ашады.Бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселе латын әліп көшу. Елбасымыздың белгілеп көрсеткеніндей  латын қарпінің  түрік халықтарының  жақындай түсуіне кең жол ашады.Электронды кітапхана сан ғасырлық тарихы бар қорына әдеби жәдігерлер мен тарихи шығармаларды  сол латын қарпіне басып, үш тұғырлы тіл саясаты негізінде рәсімдеу болса керекті.»Жас өркен» орталығында  бұл істерге толығымен жағдай жасалады деп ойлаймыз.

«Жас өркен» орталығының ашылуында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы Төрағасының орынбасары Алмажан Бақтыоразова, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының  Алматы қалалық филиалының  төрағасы Дулат Қасымов жастар орталығына табыс тілеп,өз замандастарына жаңа істе сәттіліктер тіледі.  

 

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ