• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Футбол 23 Мамыр, 2018

«Арсеналға» жаңа бапкер келді

380 рет
көрсетілді

Лондонның «Арсенал» командасы бас бапкер ретінде испаниялық Унаи Эмериді тағайындады.

«Әлемдегі үздік клубтардың бірін жаттықтыратыныма қуаныштымын. «Арсенал» өзінің стилі, жастарға баса көңіл бөлетіні, фантастикалық стадионы арқылы бүкіл әлемге танымал», деді Унаи Эмери.

Осыған дейін Унаи Эмеридің үш жылға келісімшартқа отырғаны, жылдық жалақысы 5 млн еуроны құрайтыны хабарланған.

Испаниялық маман бүгінге дейін Францияның «Пари Сен Жермен» командасына жетекшілік етіп келген. Ал оған дейін Испанияның «Севильясын» үш жыл жаттықтырып, үш мәрте Еуропа лигасында жеңіске жеткен

Айта кетейік, «Арсеналды» 22 жыл жаттықтырған Арсен Венгер өткен айда командадан кететінін мәлімдеген болатын.