• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Мамыр, 2018

«Жасөспірім және заң» алғашқы вебинарын өткізді

10106 рет
көрсетілді

Интернетке тәуелді жасөспірімдер санының азаймай отырғаны қоғамда алаңдаушылық туғызып отырған көкейкесті мәселе. Әсіресе, әлеуметтік желілердің жас аудитория үшін кері әсерін тигізіп отырғанына мамандар дабыл қағумен келеді. Интернет кеңістікті дұрыс пайдаланбаудың салдарынан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық көрскеткштерінің азаймай отырғандығы алаңдатады.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Осы орайда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздік мәселелеріне орай Алматы полицейлері №73 мектеп-гимназиясы базасында «Жасөспірім және заң» алғашқы вебинарын өткізді. Алматы қаласының Білім басқармасы мен ЖПҚ жасөспірімдер ісі бойынша полиция қызметінің ұйымдастыруымен өткен онлайн-шараға «Нұр Отан» партиясының, денсаулық саласы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылған.

«Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында алғашқы рет  өткізіліп отырған бұл шара жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттеріне деген жауапкершілігін арттыруға бағытталып отыр.  Жаңа сипатта өткен шараға жасөспірімдер ғана емес, ұстаздар мен полиция қызметкерлері де қызығушылық білдіруде. Бүгінде мектеп оқушылары мен студенттердің ақпарат пен коммуникациялық жүйелерге деген ынтасы жоғары. Осы орайда оларды  дұрыс бағытқа қарай бұру қажеттілігі туындайды. Жасөспірімдердің интернет кеңістігінде адасып кетуінің алдын алуда ақпараттық тәртіпті сақтау қажеттілігін түсіндіру қажет. Алматы қаласының жасөспірімдер ісі бойынша полиция қызметі мен білім басқармасының шарасы аясында үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктер және жастар қозғалысымен бірлесіп, интернет және әлеуметтік желілердің кері ықпалын азайтуға байланысты сараптамалар жүргізумен қатар, осы бағыттағы бірлескен іс-шаралар жиі ұйымдастырылуда.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ