Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Мақсат Босқұмбаевтың айтуынша, Ертіс өзенінің су қоймаларында балық аулауға тиым салынды. Мәселен, Семейдегі тыйым салу кезеңі мен Өскемен және Павлодар су қоймаларында ауа-райына байланысты тиым салу кезі әртүрлі.
- «Уылдырық шашу кезеңінде» балық аулауға тиым салу шараларын реттейтін арнайы бұйрық бар,-деді Мақсат Босқұмбаева,- мәселен, Ертіс өзені бойындағы Павлодар, Семейден бастап Өскеменге дейін мамырдың 10-ынан маусымның 10-ына дейін балық аулауға болмайды. Бірақ, өткен жылы бұл шектеуге қарамастан, тәртіп бұзғандардың 3 моторлы қайығы, 40 шақты ау, 10 қайық, 100 киллограммнан артық балық тәркіленді. Айыппұл үкімет тарапына өндірілді. 150 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 40 – ы әкімшілік сотқа табысталды.
Уылдырық шашу мерзімінің басталды, сондықтан да балықтарды қорғау үшін тәртіп сақшылары арнайы рейдтер өткізе бастайды. Су астындағы жағдайды елемей, балық аулауға шығатын браконьерлер бар болып отыр.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
СЕМЕЙ