• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әдебиет 29 Мамыр, 2018

Серік Негимов. Әдебиеттану ғылымының білгірі

1740 рет
көрсетілді

Белгілі ғалым Серік Негимовтің шығармашылық жолына үңілетін болсақ, үнемі ізденіс үстінде келе жатқан тынымсыз еңбек адамы екенін айқын аңғаруға болады. Оған Қазақстан әлеуметтік ғылымдар академиясы академигінің, филология ғылымдары докторының «Өлең өмірі», «Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі», «Өнерпаздық өрнектері», «Шешендік өнер», «Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты», «Қазақ өлеңдерінің көркемдігі», «Ақын-жыраулар поэзиясы: Генезис. Стилистика. Поэтика», «Қазақтың сал-серілері», тағы басқа көптеген монографиялары дәлел. 

Оның зерттеу тақырыбы әр алуан. Қазақ ауыз әдебие­тінен бастап тіл, лингвис­тика, әдебиет теориясы, ше­­шендік өнер, сал-серілер поэзиясы мәселелеріне қа­тысты айтқан құнды ой-пі­кірлері өміршеңдігімен, ма­ңыздылығымен ерекшеле­неді. Ол түркі мәдениетінің, Жам­­был Жабаев, Мәшhүр Жүсіп, Мәлік Ғабдуллин мұ­ра­­ларының білгірі саналады. Ғылым мен ұстаздық қызметті тығыз ұштастыра білген сан қырлы талант ие­сінің ұлттық әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі өл­шеусіз.

Жетпіс жастың төріне көте­­рілген жерлесіміздің құр­метіне М. Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік уни­вер­сите­тінде «Қазір­гі фольклорта­ну мен әдебиеттану­дың көкейкесті мәселелері» ат­ты республикалық ғылы­ми-тәжірибелік конферен­ция ұйымдастырылып, Ас­тана, Шымкент, Қараған­ды, Көкшетау тағы басқа қа­­лалардан жоғары оқу орын­­­дарының өкілдері, сөз зергерлері, әдебиет­тану­шы­лар қатысты. Алқалы бас­­қосуда ұлағатты ұстаз, көр­­некті ғалымның өмірі мен шығармашылығына қа­тыс­ты өзгелерге үлгі бо­лар­лық тағылымды әңгі­мелер қозғалды.

Тілдерді дамыту жөнін­дегі басқарманың басшысы Кемел Оспанов облыс әкі­мі Құмар Ақсақаловтың жү­рек­жарды құттықтау лебізін жеткізіп, арнайы сый-сия­пат көрсетті. Еңселі оқу орнының ғылым және иннова­циялар жөніндегі проректоры Ақмарал Ибраева «М. Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан мемлекет­тік университетінің құрметті про­фессоры атағын беру ту­­ра­лы» куәлікті салтанатты жағдайда табыс етті. Пар­ла­мент Мә­жілісінің депутаты Абай Тас­болатовтың құт­­тық­тау хаты оқылды. «Қы­­­зыл­жар-Ақ­парат» ЖШС директоры-бас ре­­дак­то­ры Жарасбай Сү­лей­менов өз сөзіне еңбе­гі­­мен елге танылған тұл­ға­­­ның білікті, білімді, із­де­німпаз қасиеттерін ар­қау ете келіп, әдебиет деген ға­­жайып әлемдегі өзін­дік тұ­ғырын, жеткен асуын, ба­­ғындырған белесін ал­ға тартты. Басы­лымның аты­­нан мерей­той иесінің иы­­ғына шапан жапты. Уәлиханов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Қалиев, университет профессоры Зарқын Тайшыбай, мемлекеттік мұра­ғаттың директоры Сәуле Мә­лікова ғалымның ғылым жо­лындағы қолтаңбасын бө­ліп айтты.

Л.Гумилев атындағы Еу­­разия ұлттық универ­си­тетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы Диқан Қамзабектің «Серік Негимов және Алаш мұрасы» атты баяндама­сы өте әсерлі шықты. Он­да ғалымның жиыр­­­масыншы ғасырдағы қа­зақ әдебиетін індете зерттеген шығармалары талданып, жоғары баға берілді. Мем­лекеттік Елтаңбаның авторы, Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Жан­­дарбек Мәлібекұлы замандасын өндіртіп жазатын ға­­лым­дар шоғырына қос­ты. Қай тақырыпқа қалам тартса да ғылыми оқшау ойлары, табанды пікірлері тәнті ететінін жеткізді. М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты әде­­биет тарихы бөлімінің мең­герушісі Серікқазы Қорабай, С.То­­рай­­­ғы­ров атындағы Павлодар мем­лекеттік уни­­­вер­ситетінің профессо­ры Нартай Жүсіпов, Ж.Мусин атындағы Көк­шетау педагогикалық кол­леджінің директоры Нұр­тас Ахат, өзге де шешендер ға­лымның ақын-жыраулар поэ­зиясы, би-шешендер тол­­ғауы, шешендік өнер хақында дәйектілікпен, бі­лік­­тілікпен зерттеп, бірізге түсі­ріп, жүйелеп берген біл­гір зерттеуші екеніне нақты мысалдар келтірді.

Белгілі айтыскер ақын, Л.Гумилев атын­дағы Еу­ра­­зия ұлттық универ­сите­тінің доценті Серікзат Дүй­сенғазин ұстазының жас буынға үлгі етерлік қасиет­терін өлеңмен өрнектеді.

Осылайша ғылымның қия жолында өз соқпақ-сүр­­леуін тауып, ұлағатты ұс­таз, көрнекті ғалым ретінде кеңінен танылып отырған жерлесіміздің мерейтойын Қызылжар жұртшылығы өз мәнінде атап өтті.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы